• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Т. Дүйсенова елордалық жастар ұйымдарының көшбасшыларымен және жас кәсіпкерлермен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Нұр-Сұлтан қаласының жастар ұйымдарының белсенді өкілдерімен және жас кәсіпкерлермен кездесті. Министр Мемлекет басшысының жастарды жұмыспен қамтуға қатысты берген тапсырмаларын орындау бойынша министрлік жүргізіп жатқан жұмыс бағыттары және жас кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын қолдау жөнінде айтты.

Жастар ұйымдарының белсенді өкілдерімен кездесуде Тамара Дүйсенова мемлекет жастарды жұмыспен қамту бойынша бірнеше бастаманы жүзеге асырып жатқанын айтты. 

 Қазір Электрондық еңбек биржасында 105 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылған. Сондай-ақ биржада Ұлттық жобалар бойынша бос жұмыс орындарының бірыңғай платформасы іске қосылған.

Министр жұмыспен қамтуға бағытталған тағы бір маңызды шара – жастарды ірі өндірістік кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру жобасы туралы айтты. Оған алғаш болып ERG компаниялар тобы қосылып, бос жұмыс орындарының тізімін Электрондық еңбек биржасына орналастырды. Алдағы уақытта биржада бос жұмыс орындарын ұсынатын компания саны артады.   

«Өткен айда Электрондық еңбек биржасында Қазақстандағы алғашқы онлайн еңбек жәрмеңкесін өткіздік. Шара 35 жасқа дейінгі жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған. Жәрмеңкеге 23 ірі компания, банк және сауда желісі қатысып, 1330 бос жұмыс орнын ұсынды. 3,5 мың резюме келіп түсті. Қазір жұмыс берушілер үміткерлерді іріктеп жатыр. Жәрмеңке тұрақты түрде ұйымдастырылады», - деді Тамара Дүйсенова.

Жас кәсіпкерлермен кездесуде министр еңбек нарығына 2000 жылдардың басында дүниеге келген буынның шыға бастағанын айтты. Алдағы уақытта жыл сайын 300-400 мың жас маман еңбекке араласады. Осылайша жұмыс күшінің құрылымы өзгеріп келеді. Қазір жастар икемді жұмыс кестесін және жеке даму мүмкіндігіне көбірек мән береді.  

Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жастарды жұмыспен қамтуға қатысты берген тапсырмалары бойынша министрлік 8 бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

«Жастарды жұмыспен қамту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тағы бір маңызды бағыты – Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жас кәсіпкерлерді қолдау болып табылады. Жастарға өз кәсібін бастау үшін жеңілдікпен (2,5%) несие беріледі. Сондай-ақ жастардың бизнес-бастамаларын жүзеге асыру үшін грант бөлінеді», - деді министр.

Кездесу барысында жастар ұйымдарының өкілдері өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, еңбек нарығын дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді. Өз кезегінде Тамара Дүйсенова кездесуге қатысушыларға жұмысқа орналасу мүмкіндігіне қатысты өзекті ақпаратты құрдастарына жеткізуді ұсынды. Ал жас кәсіпкерлерді министр цифрландыру, икемді жұмыс кестесі және өзге де мәселелер бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.  

Тамара Дүйсенова, жастар ұйымдарының көшбасшылары және жас кәсіпкерлер осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге келісті.

  • 16.07.2022
  • 277
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика