- Блогтар
- Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
ҚР Сыртқы істер министрі Түркияның Елшісін қабылдады
Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 19 шілде - Түрік тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркия Республикасының Елшісі Уфук Екиджиді қабылдады.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны одан әрі кеңейту болашағын талқылады.
Екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
- 20.07.2022
- 220