- Блогтар
- Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі
Төтенше жағдайлар министрі Алматы тауларындағы мұздақ көлдердің жай-күйін тексерді
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мегаполистің сел қауіпсіздігін бақылау және мониторинг жүргізу мақсатында мұздақ көлдердің жай-күйіне аэровизуалды зерттеу жүргізді.
Тікұшақпен ұшып бақылауға «Қазселденқорғау» ММ, қалалық ТЖД және т.б. мекемелердің басшылары мен мамандары қатысты. Мұздақ көлдердің, сондай-ақ Ақсай, Қарғалы, Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінің жағдайына бағалау жүргізілді. Алматының маңайында барлығы 50-ден астам мұздақ және мұздық көлдер бар, олардың 12-сі қауіпті, қауіпті көлдердің жетеуінде ағымдағы жылы сел қаупін төмендету бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
- 22.07.2022
- 277