• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қант қызылшасының сатып алу құны тоннасына 30 мың теңгеге дейін көтерілді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек Көксу қант зауытында Жетісу облысының фермерлерімен кездесу өткізді. Вице-министр өңірге елдегі қантқа қатысты қалыптасқан жағдайды талқылау, оны тұрақтандыру үшін нақты қадамдар жасау және қант саласын дамыту  мәселесін өндірушілермен бірлесіп қарастыру мақсатында келді.

Шаруалар мен зауыт басшылығы ведомство өкілдерімен саладағы қордаланған мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын айтып, сұрақтарын қойды.

Атап айтқанда, кездесуге қатысушылар зауыттың қант қызылшасының бір келісі үшін сатып алу бағасының төмен екенін айтты. Жыл сайын жиналған өнім қант зауыттарына өңдеуге тапсырылады. Зауыттар төлейтін баға қызылша өсірушілердің жұмсайтын шығындарына сәйкес келмеді. 2021 жылы зауыт пен мемлекет бір келі қызылша үшін 20 теңге төледі.

Шаруаларды қолдау мақсатында биыл мемлекет қант зауыттарының сатып алу бағасын ұлғайтты: енді зауыт 15 теңге, ал мемлекет субсидия ретінде 15 теңге төлейтін болады. Осылайша, бір тонна қант қызылшасы үшін шаруалар 30 мың теңге алатын болады. Орта есеппен облыста фермерлер қант қызылшасынан гектарынан 350-ден 400 центнерге дейін өнім жинайды, ағымдағы жылға жоспар 200 мың тонна.

Сондай-ақ, кездесуге қатысқан өндірушілер қызылша егетін аймақты сумен қамтамасыз ету, фермерлер мен қайта өңдеу зауыттарын техникалық жабдықтау мәселелерін талқылады.

Өңірдегі ең ірі қант зауыттарының бірі - «Көксу қант зауыты» ЖШС тәулігіне 2000 тоннаға дейін қант қызылшасын өңдейді. Күніне 200 тоннадан астам дайын өнім алады. 2022 жылдың басынан кәсіпорын 29 мың тонна қант өндірді.  Зауыт жылына 250 мың тонна қант өндіреді. Сондай-ақ, құрақ қантының жылдық қуаты 35 мың тонна шикізатты құрайды.

Айта кетейік, Көксу қант зауыты 1932 жылы құрылды. 2015 жылы зауыт жөнделіп, іске қосылды. Оны жөндеуге шамамен 4 млрд.теңге салынды. 2017 жылы 1,5 млрд теңге сомасына зауыт жаңғыртылып, өнімділігі жоғары жаңа жабдықтар орнатылды.

Вице-министр Ә.Тамабек қатысушыларға жүйелі сипаттағы проблемалар мен ұсыныстар үкіметтік деңгейде қаралатынын айтты. Сондай-ақ, барлық жинақталған проблемаларды сындарлы, ашық диалог пен өзара сенім арнасында ғана шешуге болатынын атап өтті.

  • 22.07.2022
  • 388
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика