• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Т. Дүйсенова Жамбыл облысының жастарымен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында жастар ұйымдарының белсенді өкілдерімен кездесті. Министр Мемлекет басшысының жастарды жұмыспен қамтуға қатысты берген тапсырмаларын орындау бойынша министрлік жүргізіп жатқан жұмыс бағыттары жөнінде айтты.

Кездесуге жастар ұйымдарының көшбасшылары, еріктілер, жұмысшы жастар, студенттер және жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.

Тамара Дүйсенова еңбек нарығына 2000 жылдардың басында дүниеге келген буынның шыға бастағанын айтты. Алдағы уақытта жыл сайын 300-400 мың жас маман еңбекке араласады. Осылайша жұмыс күшінің құрылымы өзгеріп келеді. Қазір жастар икемді жұмыс кестесін және жеке даму мүмкіндігіне көбірек мән береді. Осы орайда министр Электронды еңбек биржасының өзектілігін атап өтіп, кездесуге қатысушыларды жұмысқа орналасу мүмкіндігіне қатысты өзекті ақпаратты құрдастарына жеткізуді шақырды.

«Жұмыс бар, жұмыс беруші бар. Сіздер арқылы Электронды еңбек биржасындағы бос жұмыс орындары жөніндегі ақпаратты еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастарға жеткізсек дейміз. Enbek.kz сайтына кіріп, өздеріңіздің көңілдеріңізден шығатын жұмысты таңдауға мүмкіндік бар», - деді министр.

Министр жастарды ірі өндірістік кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру жобасы жұмыспен қамтуға бағытталған тағы бір маңызды шара екенін айтты. Оған бірінші болып ERG компаниялар тобы қосылды, ол Электрондық еңбек биржасында бос орындар тізімін ұсынды. Осылайша, 200-ден астам жас маман жұмысқа орналастырылды. Жақын болашақта басқа компаниялардан бос жұмыс орындары қол жетімді болады.

«Өткен айда Электронды еңбек биржасында Қазақстандағы алғашқы онлайн еңбек жәрмеңкесін өткіздік. Шара 35 жасқа дейінгі жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған. Жәрмеңкеге 23 ірі компания, банк және сауда желісі қатысып, 1330 бос жұмыс орнын ұсынды. Жыл соңына дейін олар 10 мың бос жұмыс орнын ұсынады. 3,5 мың резюме келіп түсті. Қазір жұмыс берушілер үміткерлерді іріктеп жатыр. Жәрмеңке тұрақты түрде ұйымдастырылады», - деді министр.

Кездесу барысында жастар ұйымдарының өкілдері өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, еңбек нарығын дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді.

  • 22.07.2022
  • 362
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика