- Блогтар
- Сахиев С.К.
Сахиев С.К.
«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры
Ядролық материалдарды есепке алу және бақылау негіздері
2022 жылғы 11-15 шілде аралығында ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы (ЯҚОО) «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ, «ҮМЗ» АҚ, «Семізбай-U» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Орталық» ӨК» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «АППАҚ» ЖШС мамандары үшін кезекті «Ядролық материалдарды есепке алу және бақылау негіздері» оқыту курсын өткізді.
Курстың мақсаты – ядролық материалдарды есепке алу және бақылау жүйесін құрудың негізгі қағидаларын оқыту, жүйенің базалық элементтерімен, жүйені басқарумен таныстыру. Оқыту барысында ядролық физикалық қауіпсіздік режимін қамтамасыз ету, Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасының талаптары мен АЭХА ұсынымдары, ядролық материалдарды есепке алу, бақылау және физикалық қорғау жүйелерінің өзара әрекеттесу мәселелері қозғалды. ЯҚОО нұсқаушылары теориялық, тәжірибелік және көрсетілімділік сабақтарын, Орталықтың орынжайларымен және оқыту полигонымен таныстыру турын өткізді. Сондай-ақ, оқу курсының тыңдаушылары үшін ССР-Қ зерттеу реакторына бару ұйымдастырылды.
Оқыту қорытындылары бойынша ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауға жауапты 14 қазақстандық маман курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар алды.
- 23.07.2022
- 300