- Блогтар
- Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі
Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Каспий итбалығы Қызыл кітапқа енді. Бұл шара саны соңғы жүз жылда 1 млн-нан 100 мыңға азайған жануардың популяциясын сақтап қалуға мүмкіндік береді.Қазақстанда теңіз сүтқоректісін сақтау бойынша бірқатар шаралар қабылдануда. Өткен жылдан бері Ақтау қаласында Каспий итбалықтарын зерттеу және реабилитациялау Орталығы құрылды. Ресейлік әріптестермен бірге зерттеу жүргізіп,итбалық популяциясын қорғау бойынша жоспарын әзірлейміз.Қазақстандықтарды жоғалып бара жатқан жануарларға қамқор болуға шақырамын. Жараланған итбалықтарды көргенде жоғарыда аталған Орталыққа хабарласуларыңызды өтінеміз.
- 19.11.2020
- 296