- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Бақыт Сұлтанов: сауда инфрақұрылымын кеңейту жұмыстары жалғасады
2022 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Президенті жанындағы ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде Ұлттық тауар өткізу жүйесінің даму барысы туралы хабарлады.
Қазіргі уақытта елде 9 КТО, жеке бизнес құрған 1171 көкөніс сақтау қоймасы бар. Олардың қуаттылығы 3,5 млн.тоннаны құрайды.
"Біздің міндетіміз - оларды тиімді пайдалану бойынша жұмысты жолға қою және өндірушіден ритейлге дейінгі тұтас сауда-логистикалық инфрақұрылымды құру. Бұл бірыңғай ақпараттық жүйе құру арқылы қамтамасыз етіледі. Бірыңғай жүйе өңірлер арасындағы өнімнің ішкі ағыны мәселелерін жедел шешуге, бір облыстардағы артық тауарды және басқа облыстардағы тапшылықты жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бүгінгі көлеңкелі айналымды заңдастыруға мүмкіндік береді және тауарлар қозғалысының ашықтығы есебінен, бұдан басқа, бағаның өсу тәуекелдерін төмендетеді," - деді Бақыт Сұлтанов.
Осылайша, көкөніс қоймаларын жаңғырту, салу және жеміс-көкөніс өнімдерін сақтауды қамтамасыз етуді аталған жұмыс аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өздері жүзеге асыратын болады, делінген хабарламада.
Болашақта қазіргі заманғы сауда инфрақұрылымын кеңейту және құру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Ірі жобалар үшін, оның ішінде шекара маңындағы өңірлерді дамыту үшін инвесторлар тартылатын болады.
- 26.07.2022
- 226