- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Бақыт Сұлтанов ОКҚ брифингінде сөз сөйледі
Бүгін, 2022 жылғы 26 шілдеде, ОКҚ (Орталық коммуникациялар қызметінде) өткен брифингте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сөз сөйледі.
Баспасөз конференциясы ӘМАТ (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары), КТО (көтерме-тарату орталықтары), сауда нарықтарының өзекті мәселелеріне және негізгі азық-түлік бағаларын ұстап тұру үшін қабылданып жатқан шараларға арналды.
Премьер-Министрдің орынбасары жеке меншік қант өндірісін дамыту мүмкіншіліктеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
– Бұл мәселеге мен Вице-Премьер ретінде араластым. Енді мен басқа мәселелермен қатар азық-түлік өнімдерін өндіруді ынталандыру және субсидиялау саясатымен айналысатын боламын, – деп атап өтті Б.Сұлтанов. - Біздің мақсатымыз - отандық шикізаттан қант өндірісін ұлғайту, сол арқылы импортқа тәуелділікті төмендету.
Сондай-ақ, ол шара ретінде отандық қант зауыттарын Үндістан мен Бразилиядан келетін шикізатпен барынша қамтамасыз етілетінін атап өтті.
Саланың толыққанды дамуы кезінде және өндіріс көлемінің өсуімен азық-түлік белдеуі қамтамасыз етіледі, іркілістер болмайды, қант тапшылығы мен құнының өсу қаупі төмендейді. Осыны ескере отырып, қатысушылардың тиімді өндірістік-өткізу тізбегін жолға қою және заманауи сауда инфрақұрылымын құру маңызды.
Бақыт Сұлтанов қаржыландыру шарттарының өзгеруіне және МЖӘ (мемлекеттік-жекешелік әріптестік) шарты бойынша мемлекеттегі міндеттемелер деңгейін қайта қарауға байланысты Ұлттық тауарды өткізу жүйесі моделін енгізу тәсілдерін қайта қарау туралы айтты.
Сонымен қатар, ол елімізде 9 КТО (көтерме-тарату орталықтары) жұмыс істейтінін хабарлады.
Бүгінгі таңда фермерлермен, ӘКК (Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) және сауда желілерімен өзара байланыстың жоқтығы проблемасы бар, - деді Сұлтанов.
Сондықтан Министрлік жеке КТО (көтерме-тарату орталықтары), көтерме сауда нарықтары, көкөніс сақтау қоймалары, сауда желілері, азық-түлік тауарларын өндірушілер мен ӘКК (Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) қосылатын бірыңғай ақпараттық жүйені құру бойынша жұмыс жүргізуде.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жаңғырту жұмыстарын жүргізу, көкөніс қоймаларын салу және жеміс-көкөніс өнімдерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында тетіктер әзірленді.
Премьер-Министрдің орынбасары Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі заң жобасына енгізілген шаралар нәтижесінен болған 122 нарықты тексеру қорытындысына тоқталды.
Мәселен, отандық тауар өндірушілердің сауда алаңдарына бәсекелі және еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе құрылатын болады.
Министр, сондай-ақ, ӘМАТ бағаларын тұрақтандыру шеңберінде "Qdata" сауда бойынша талдау платформасын" пайдалану туралы айтып берді.
Талдау платформасы мемлекеттік органдарды сапалы талдаумен, оның ішінде импорт/экспорт серпіні мен құрылымы, инфрақұрылым жүктемесі, тауарлар мен қызметтер бағасының өзгеруі туралы деректер арқылы қамтамасыз етті.
Бүгінгі таңда осы платформаның арқасында Үкіметте шикізат пен тауарлар қоры, өндіріс және тұтыну көлемі туралы бірыңғай ақпарат көзі бар.
Өз кезегінде, қолда бар ақпарат негізінде нарықты жедел реттеуге, тиімді және дұрыс шешімдер әзірлеуді жүзеге асыруға, нарықтың жасырын тәуелділіктерін анықтауға болады.
- 26.07.2022
- 211