• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экология, геология және табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экология, геология және табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі-Жұмыс тобы) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 8 және 9-баптарына және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес Экология, геология және табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелігіне кандидаттарды конкурстық іріктеуді жариялайды.

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы - 25 адам (5 - мемлекеттік органның өкілдері,
20 - коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар).

  1. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

- сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

- психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

2. Конкурсқа қатысу үшін коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар және қатысуға ниет білдіргендер келесі құжаттарды тапсырады:

- кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (1,2 қосымша);

- өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (3 қосымша);

- сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

- психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін, сондай-ақ бір адам тек бір Қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайлануы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін кандидаттар конкурсқа жолданбайды.

Конкурсты өткізу мерзімі: 2022 жылғы 5 тамызға дейін (қоса алғанда)

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Нұр-Сұлтан, Мәңгілік-Ел, 8

Тел. 8 (7172) 74-09-74, 75-09-84

e-mail: aya.orynbaeva@ecogeo.gov.kz. a.abutalip@ecogeo.gov.kz

Құжаттарды электронды түрде электрондық поштаға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекенжайы: k.kense@ecogeo.gov.kz, Сіздің құжаттарыңыз кеңседе келесі телефондар бойынша алынғанын міндетті түрде нақтылау қажет: 8 7172 74-08-44, 8 7172 74-12-97, 8 7172 75-09-32

  • 26.07.2022
  • 347
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

Нысанбаев Е.Н.
(Мұрағат)

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика