• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Пияз экспортына қатысты сұрақтардың көптеп келуіне байланысты ҚР Сауда және интеграция министрлігі келесіні хабарлайды

Пияздың жоғары өнімділігіне қарамастан, оның ішкі нарықтағы құны өте жоғары. Жыл басынан бері пияз бағасы 109 процентке (2 есе) өсті, бұл соңғы 4 жылдағы ең жоғары өсім. Апта сайынғы өсімі орта есеппен 2-3%-ке жетіп отыр.

Республика бойынша пияздың орташа бағасы 191 теңге болса, Алматы облысында пияздың ең жоғары бағасы 308 теңге көлемінде тіркелді.

Қазақстанның ішкі нарығында пияздың қымбатуы көршілес нарықта пиязға сұраныстың артуы және экспорттық бағаның жоғары болуымен байланысты. Сондықтан Қазақстаннан көрші нарыққа пияз экспортының көлемі артты.

Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 20 шілде күні әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жөніндегі кеңесте пияз бағасының қалыптасуы қарастырылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне ішкі бағаны қалыптастыру мақсатында нарықтың осы өніммен қамтамасыз етілуіне талдау жасау, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып келісім-шарттар жасау және пиязды аймақтарға жеткізуді ұйымдастыру тапсырылды. Сондай-ақ пиязды экспорттауға тыйым салу немесе шектеу енгізу туралы мәселені сыртқы сауда мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында көтеру туралы айтылды.

Сонымен бірге, бақылаусыз экспортқа жол бермеу мақсатында бұл мәселе ведомствоаралық комиссия отырысында қаралғанға дейін фитосанитарлық рұқсат беруді тоқтату туралы шешім қабылданды. 22 шілде ведомствоаралық комиссияның отырысында және ӘМАТ бойынша кеңесте бүгінгі күні пияз экспортына тыйым салудың орынсыздығы туралы айтылды. Өйткені арнайы жүргізілген талдау ішкі нарықта пияз тапшылығы қаупінің жоқтығын көрсетті. Бүгінгі таңда облыстар 34 мың тонна пиязбен қамтамасыз етілген. Бұл ай сайынғы тұтынудың 132 процентін құрайды. Осыған байланысты фитосанитариялық рұқсаттарды беру қайта жаңғыртылуы тиіс.

Сонымен қатар 22 шілдеде ведомствоаралық комиссия отырысынан кейін өңірлермен селекторлық кеңес барысында Ауыл шаруашылығы министрлігіне баға белгілеу кезінде фитосанитарлық рұқсаттар мен лицензиялау арқылы ішкі нарықты әділ бағамен қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеу тағы да тапсырылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен фитосанитарлық рұқсатсыз пиязды экспорттауға тыйым салу туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етц және белгіленген тәртіпте жұмысты жалғастыру қажеттігі айтылды. Және АШМ-ге 15 қыркүйекке дейін ӘМАТ санатынан көкөніс өнімдерінің ішкі нарығын қамтамасыз ету тәуекелдеріне талдау жүргізу тапсырылды.

Осылайша, бүгінде пияз экспортына тыйым жоқ.

ҚР СИМ нарықта дүрлікпе тудырмай, түсініктеме алу үшін тікелей орталық мемлекеттік органға жүгінуге шақырады.

 

Әлішер Өмірзақ, ҚР СИМ ресми өкілі

  • 29.07.2022
  • 252
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика