• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Алқа отырысы өтті

2022 жылғы 29 шілдеде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Алқа отырысы өтті.

Алқа отырысында Министрліктің 1-ші жартыжылдықтағы жұмысы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

Вице-министр Жанель Кушукованың айтуынша, ағымдағы жылдың 5 айында Қазақстанның сыртқы саудасының оң динамикасы байқалады. Биылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда айналымы 51,3 млрд. АҚШ долларын құрды. Экспорт өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59% - ға өсіп, 34,2 млрд. АҚШ долл. құрады. Сондай-ақ, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен саудасы оң динамиканы көрсетуді жалғастыруда.

"Қазақстанның ЕАЭО бойынша әріптестерімен тауар айналымы 2022 жылдың 5 айында 10 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% - ға жоғары. ЕАЭО елдерінің нарықтарындағы қазақстандық тауарлар үшін кедергілерді жою бойынша жұмыс жалғасуда", - деді Жанель Кушукова. 

 Өз кезегінде ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова бүгінгі таңда Министрлік 9 цифрлық жобаны іске асырып жатқанын хабарлады. Олардың арасында төлем жүйесі бар әлеуметтік әмиянды енгізу де бар.

"Бүгінгі таңда "әлеуметтік әмиян" бойынша пилоттық жобаны жүргізу бойынша жұмыстар «әлеуметтік әмиян» пилотын енгізу жобасына қатысатын мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және ЕДБ - нің қатысуымен жалғасуда", - деді Әсел Жанасова.

Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов жыл соңына дейін мүдделі органдармен, ұйымдармен және ЕДБ-мен бірлесіп "Әлеуметтік әмиянды" енгізу қажеттігін атап өтті.

"Жобаны іске асыру оларды пайдалану тиімділігінің мониторингін қамтамасыз ете отырып, халықты әлеуметтік қолдау қаражатын бөлудің цифрлық құралын жылдам құруды қамтамасыз етеді", - деді Бақыт Сұлтанов.

Алқа отырысы барысында Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев та баяндама жасады. Оның айтуынша, ішкі тауар айналымы да өсті. Осы жылдың қаңтар-маусым айларында 20,6 трлн.теңгені құрды. Оның ішінде бөлшек саудаға 6,1 трлн. теңге және көтерме саудаға 14,5 трлн. теңгені құрды.

Қазіргі уақытта Комитет 3 негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізетінін атап өту қажет.  Бұл - сауда саласын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіру; сауда инфрақұрылымын дамыту және азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мәселелері бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов Сауда комитетінің төрағасына АШМ-нің қант саласын дамыту бойынша кешенді жоспар әзірлеу жұмысына белсенді қатысуды тапсырды. Ол импортқа тәуелділікті едәуір азайтуға және өзін-өзі қамтамасыз етуге біртіндеп көшуге бағытталуы керек екенін атап өтті. Сондай-ақ, мүдделі инвесторларды тарта отырып, КТО желісі   бар Ұлттық тауар өткізу жүйесін іске қосуды жеделдету қажет.

Алқа отырысы барысында ТРМК төрағасы Арман Әбенов, ТҚҚК төрағасының орынбасары Алмас Әбжаппаров және ҚР СИМ аппарат басшысы Жәнібек Нөпіров Министрлік қызметінің мәселелері бойынша баяндама жасады.

Министр отырысты қорытындылай келе вице-министрлер мен комитет төрағаларына барлық қабылданған міндеттемелерді, оның ішінде Мемлекет басшысының жаңа тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының сынына байланысты Сауда комитеті басшылығының жауапкершілігін қарау тапсырылды.

  • 29.07.2022
  • 371
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика