- Блогтар
- Сапаров А.C.
Сапаров А.C.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстанның АӨК дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің құрамы қалыптастырылды
Республиканың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің құрамына 18 адам кірді, оның ішінде ҚР АШМ үш өкілі: Министр Ербол Қарашөкеев, вице - министр Рүстем Құрманов, қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Дархан Жұмаділов, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы Берік Оспанов, ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы Ақылбек Күрішбаев және азаматтық қоғамнан 13 мүше: Ермек Әбуов, Теміржан Айтбаев, Анас Баққожаев, Мырзахмет Өксікбаев, Бақыт Атайбеков, Кинталь Исламов, Игорь Жабяк, Ерлан Алпысов, Бауыржан Бақшилов, Ержан Биекенов, Айдар Нығметов, Геннадий Зенченко, Мақсат Толықбай.
Сондай-ақ, конкурс аясында Қоғамдық кеңес құрамына 5 кандидаттан тұратын резервтік тізім анықталды: Ғабиден Балғынбеков, Айдын Байеділов, Равиль Мингазов, Ахмедияр Айтбаев, Майраш Имантаева.
Жұмыс тобы отырысының хаттамасы (2022 жылғы 22 шілдедегі №2 хаттамасы) және Министрліктің бұйрығы (2022 жылғы 27 шілдедегі №239 бұйрығы) Министрліктің ресми сайтында жарияланды.
https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/330051?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/330052?lang=kk
- 29.07.2022
- 287