- Блогтар
- Сахиев С.К.
Сахиев С.К.
«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өкілдерінің ЯФИ РМК-ға жұмыс сапары
2022 жылдың 4 тамыз күні ҚР ЭМ Ядролық физика институты РМК-ға «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ ғылыми-технологиялық жобалар департаментінің директоры Өмірғали Арманбек Қасымұлы мен «Жоғары технологиялар институты» ЖШС бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Дюсамбаев Серик Аблакасович жұмыс сапарымен келді.Сапар мақсаты — екіжақты байланыс орнату.
Жұмыс сапары аясында Қазатомөнеркәсіп өкілдері ЯФИ бас директоры, ҚазҰЖА академигі Сахиев Саябек Қуанышбекұлымен кездесті. Сонымен қатар ССР-Қ зерттеу реактор кешені,Cyclone-30 циклотроны және кешенді экологиялық зерттеулер орталығының жұмыс барысымен танысты.
- 05.08.2022
- 322