- Блогтар
- Қарабаев М. К.
Қарабаев М. К.
ҚР Көлік министрі
Құрметті көлік саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мереке – Көлік қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Құрметті көлік саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мереке – Көлік қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Бұл салада еңбек ететін әр қызметкер зор құрметке лайық. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің нәтижесінде ауқымды жобалар жүзеге асырылып, ел экономикасының күре тамырына қан жүгіруде.
Мемлекеттің көлік-логистика саласы экономиканың негізгі секторларының бірі. Бүгінгі таңда 400 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған еліміздің көлік саласы — мемлекетіміздің дамуына айрықша үлес қосуда.
Өз кәсібіне лайықты ізбасар дайындап, осы салаға саналы ғұмырын арнаған ардагерлерге де шын жүректен алғыс айтамын. Баршаңызға мықты денсаулық, амандық тілеймін!
- 10.08.2022
- 217