• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Т. Дүйсенова СҚО-ға оңтүстік өңірлерден көшіп келген қазақстандықтардың өмір сүру жағдайымен танысты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Келлеровка ауылында болып, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру аясында өңірге оңтүстік облыстардан көшіп келген азаматтардың өмір сүру жағдайымен танысты.

Тамара Дүйсенова Тайынша ауданы Келлеровка ауылының активімен кездесу өткізді, оның барысында Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласы, халықты әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту шаралары жөніндегі тапсырмаларын іске асыру туралы айтты.

Министр сондай-ақ еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру аясында республиканың оңтүстік өңірлерінен СҚО-ға көшіп келген ауыл тұрғындарын аралады.

2016 жылдан бастап, жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуы бойынша шаралар іске асырыла бастағаннан бері Солтүстік Қазақстан облысына 287 отбасы (959 адам), оның ішінде 2022 жылдың басынан бастап 25 отбасы (94 адам) көшіп келді. Келлеровка ауылдық округіне 22 отбасы (85 адам), оның ішінде осы жылы – 4 отбасы (17 адам) келді.

Келлеровка ауылында қалу туралы шешім қабылдаған барлық қоныс аударушы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Еңбекке қабілетті жастағы 34 қоныс аударушының 23-і тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 5 адам өз ісін ашты, 6 адам бала күтімімен және үй шаруашылығын жүргізумен айналысады.

Қоныс аударушылар отбасыларының балалары балабақша мен мектепке орналастырылған.

Қоныс аударушылардың өмір сүру жағдайымен танысқан Тамара Дүйсенова еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберіндегі шараларды іске асырудың оң нәтижелерін атап өтті.

«Бастапқыда бұл шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген болатын, биылдан бастап олар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылуда. Ерікті түрде қоныс аудару екі мәселені шешуге мүмкіндік береді: өз өңірлерінде жұмысқа орналаса алмаған қазақстандықтарды жұмыспен қамтамасыз ету және жұмыс берушілерді қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету. Келлеровка ауылының үлгісінде қоныс аударушылар үшін жақсы өмір сүру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғаны байқалады», – деді Еңбек министрі.

Естеріңізге сала кетейік, өңіраралық ерікті қоныс аударуға жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және олардың отбасы мүшелері қатысады.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасымен (бұдан әрі – ұлттық жоба) Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары, сондай-ақ Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары қоныс аударушылардың шығу өңірлері болып айқындалды. Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау өңірлері: Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Ұлттық жоба шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар үшін субсидиялар түрінде мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:

- отбасының әрбір мүшесіне көшуге 70 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем (2022 жылы-222,6 мың теңге);

- тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындарын жабу үшін төлем 1 жыл ішінде ай сайын төленеді. Төлем мөлшері қалаға қоныс аударғандар үшін бір адам үшін 20 АЕК - тен (61,3 мың теңге), отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп адам болса 30 АЕК-ке (91,9 мың теңге) дейін, ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін – бір адам үшін 15 АЕК-тен (45,9 мың теңге) бастап, отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болса 21 АЕК-ке дейін (64,3 мың теңге) құрайды.

Ерікті қоныс аударушыларға жұмыс орындары және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да шаралары ұсынылады.

Өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа орналасқан және тұрғын үймен қамтамасыз етілген әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. Сондай-ақ, мемлекет жұмыс берушілерге қоныс аударушылар үшін ауылдық жерлерде жаңа тұрғын үй салуға жұмсалған шығынның 50% - на дейін субсидиялайды.

  • 11.08.2022
  • 329
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика