• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Т. Дүйсенова СҚО тұрғындарына халықты әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында үкіметтік емес ұйымдар мен ардагерлер кеңесінің өкілдерімен, көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар азаматтармен кездесу өткізді.  Министр балалы отбасылар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді.

Сөзінің басында Тамара Дүйсенова 2021 жылы мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақыларға шамамен 4 триллион теңге бөлінгенін атап өтті. Зейнетақы, жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алушылардың саны 5,6 миллион адам. СҚО-да 179 мың азаматқа 144,5 млрд теңге мөлшерінде қаражат төленді.

Министр мемлекет балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударатынын атап өтті, оған бюджеттен төленетін жәрдемақылардың 5 түрі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің 2 түрі кіреді. Биыл бұл мақсаттарға СҚО-да 10,5 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,7% - ға артық.

«Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында балалары бар 24,3 мыңнан астам отбасы жалпы сомасы 6,1 млрд теңгеге жәрдемақы мен төлемдер алды», – деп хабарлады министр.

Тамара Дүйсенова арнайы әлеуметтік қызметтер жүйесі және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы да  айтып берді.

Мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету қазір Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталда мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдарын, санаторлық-курорттық емдеу, жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтерін және оларды жеткізушілерді өз бетінше таңдай алады.

«Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосу: оңалту құралдары мен қызметтерімен қамтамасыз ету уақытын 8 айдан 2 аптаға дейін қысқартуға; мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтер мен оңалтудың техникалық құралдарын таңдауды өнім берушіден жеке қажеттіліктерін, сапасын, беделін және басқа пайдаланушылардың пікірлерін ескере отырып, тікелей ұсынуға; мүгедектігі бар адамдардың қай жерде орналасқанына қарамастан, оңалту құралдары мен қызметтерін таңдауына мүмкіндік береді. Мысалы, санаторийді ауруына байланысты басқа аймақтан таңдауға болады.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуы 75,4%-ды құрады, бұл республикалық көрсеткіштен жоғары. Жалпы, жыл басынан бері Портал арқылы өңірде азаматтар 4 969 оңалтудың техникалық құралдарын алды. Ымдау тілі маманының қызметін – 214 адам, жеке көмекшінің қызметін – 297 адам, санаторлық-курорттық емдеуді – 309 азамат алды», – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Министр сондай-ақ кездесуге қатысушыларды Қазақстанның барлық өңірінде мүгедектікті сырттай белгілеу пилоттық режимде енгізілгені туралы хабардар етті. 

«Мүгедектікті сырттай белгілеу тетігі бүкіл процесті түбегейлі өзгертеді және куәландырылатын адамның тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға ғана жүгінуін көздейді. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат және азаматтың тыныс-тіршілігінің бұзылу дәрежесі туралы дәрігерлердің қорытындылары медициналық ақпараттық жүйелер арқылы Еңбек министрлігінің орталықтандырылған деректер базасына түседі. Сол жерден, жеке деректерді көрсетпей, ақпарат бұрынғыдай тұрғылықты жері бойынша емес, үш аймақтың тиісті сараптамалық комиссияларына автоматты түрде жіберіледі. Олардың қорытындылары негізінде объективті шешім шығарылады. Бұдан әрі мүгедектік, оңалтудың техникалық құралдары және оңалту қызметтері бойынша жәрдемақы проактивті түрде, яғни азаматтың түрлі инстанцияларға жүгінуін қажет етпей тағайындалады», – деді Тамара Дүйсенова. Биыл СҚО-да сырттай форматта 1 мыңнан астам өтінім қаралған.

Кездесу барысында министр қазақстандықтарды зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда республикада 2,2 млн зейнеткер бар, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында 100,8 мың адам (4,5%).

Былтырмен салыстырғанда биыл ынтымақты зейнетақы мөлшерінің өсуі 11% - ды, базалық зейнетақының өсуі – 9% - ды құрады. СҚО-да зейнеткерлердің 82% жоғары және орта деңгейде зейнетақы алады. Облыс бойынша зейнетақының орташа мөлшері 106,9 мың теңгені құрайды.

  • 12.08.2022
  • 266
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика