- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
ҚМА төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Садырбековтың төрағалығымен Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің кезекті отырысы өтті.А төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Садырбековтың төрағалығымен Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес мүшелері мен шақырылғандар КЖ/ТҚҚ саласындағы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға байланысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.
Атап айтқанда, отырыста терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін талдау бойынша бірлескен жұмыс нәтижелері, сондай-ақ цифрлық активтер секторлары талқыланды. Талқылау қорытындысы бойынша осы талдауды мақұлдау туралы шешім қабылданды.
КЕҰ секторын терроризмді қаржыландыруда пайдалануға жол бермеу бойынша кері байланыспен қамтамасыз ету мақсатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен және Әділет министрлігімен әдіснамалық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Бұдан басқа, КЖ/ТҚҚ саласындағы қаржы мониторингі субъектілеріне бақылауды жүзеге асыратын жекелеген мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдары арасында КЖ/ТҚ-мен, қаржы мониторингі субъектілерімен, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар секторымен күресте өзара іс-қимылды одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
- 12.08.2022
- 250