• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Жалпыға міндетті білім беру аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету үшін 670 млн теңге бөлеміз.

✅Жалпыға міндетті білім беру аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету үшін 670 млн теңге бөлеміз. Бағдарлама бойынша мектепке қажет киім, аяқ киім, кеңсе тауарларын сатып алу мәселесі қарастырылып отыр. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 16 700-ден астам балаға осындай материалдық көмек беріледі. Өткен жылдармен салыстырар болсақ, материалдық көмек көрсетілген балалар саны артты. Мәселен, 2020 жылы – 13 245 бала, ал 2021 жылы – 14 620 оқушы.
✅Әр балаға 40 мың теңгеден бөлеміз. Мысалға, отбасында 4 бала болса, 160 мың теңге беріледі. Осыған дейін әр балаға арналған материалдық көмек көлемін 40 мың теңгеге дейін арттырдық. Материалдық көмек өтініш берушінің банк картасына (немесе арнайы шотқа) аударылады. Осылайша өтініш берген ата-ана кез-келген дүкенге барып, қажет киім мен оқу құралдарын сатып ала алады. Бұл ретте бөлінген қаражат баланың қажет заттарына ғана жұмсалғанын құжат арқылы (түбіртектер, төлем туралы чектер) растау қажет.
Материалдық көмек алу үшін балаңыз оқитын мектепке жүгінуіңіз керек. Қазіргі уақытта оқу орындарының әкімшілігі тізім жасап жатыр.
Материалдық көмек мына санаттағы оқушыларға көрсетіледі:
- АӘК алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
- АӘК алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз отбасылардан шыққан балалар (37 389);
- отбасында тұратын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- ТЖ салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балалар;
- басқа санаттар (өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар).

  • 16.08.2022
  • 274
Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика