- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі туралы
Қаржы мониторингі агенттігі бюджет қаражатын ұрлауды анықтау және жолын кесу, Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру, пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызмет, жалған есепке алу-бақылау таңбаларын пайдалана отырып, алкоголь өнімін өндіру жөніндегі жасырын цехтардың қызметі бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.
Сондай-ақ, Ақмола облысы бойынша ҚМА департаментінің қызметкерлері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Лимен бірге қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күресте мемлекеттік және құқық қорғау органдары, қаржы мониторингі субъектілері, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар секторы арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
- 19.08.2022
- 266