- Блогтар
- Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.
Түркістан облысының әкімі
"Балалар жылына" базарлық
Түркістанда су тапшы екенін жақсы білесіздер. Соған қарамастан, тұрғындардың демалуына мүмкіндік жасалу керек. Жақында ғана «Шаға» жағажайы ашылды. Барлық саябақтарда жасанды көлдер бар. Оған өздеріңіз куә болып жүрсіздер. Осының барлығы оңай тірлік емес. Көлдерді көбейту арқылы климатты жақсарту көзделген. Бұл жұмыстар білікті ғалымдардың атсалысуымен есептеліп жасалуда.
Бүгін де Түркістан қаласының орталығынан ұзындығы 67 метрлік бассейні бар ашық аспан астындағы демалыс орталығы ашылды. Демалыс орнында инвесторлар тарапынан дәмханалар, мейрамханалар салынады. Бұл – жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Нысанның ашылуы пандемияға байланысты кейінге қалдырылған болатын.
Бүгінгі демалыс аймағы да біздің балаларымыз бен тұрғындардың бос уақыттарын қуана-қуана өткізетін орнына айналады деп үміттенеміз.
- 22.08.2022
- 243