• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұстаздарға жаңа Түркістанды таныстырдым

Бүгін Түркістан қаласына тамыз кеңесіне келген өңіріміздің үздік ұстаздарымен кездестім. Ұлағатты жандармен бірге балаларды дамытуға ықпал жасайтын оқу - ағарту ошақтарына, білім ордаларына, қосымша білім беру, спорт нысандарына, қаланың рухани-мәдени орындарына экскурсия жасадық.  Ұстаздарымызды атқарылған жұмыстармен және жобалармен таныстырдым.

 «Farab» кітапханасын салуда әлемнің дамыған елдерінің озық үлгілерін қолдандық. Мұнда жастар тек кітап оқып қана қоймай, шығармашылықпен айналысады. Ізденеді. «Fablab» шеберханасында оқушылар өз қолдарымен роботар, түрлі дүниелерді жасап шығарады. Осындай шеберханаларды барлық аудан, қалада ашуды жоспарлап отырмыз. Кітапханада Түркістанның тарихымен танысуға мүмкіндік бар. Түркістанның бірінші құндылығы – Қожа Ахмет Ясауи. Оның тарихи тұлғасы мен ілімі. Исламдағы орны. Жалпы қазақтың тарихында Ясауидің орны ерекше. Мемлекеттіліктің дамуына өз ізін қалдырған. Ұстаз болған тарихи тұлғаны халық айрықша жақсы көрген. Екінші құндылық – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Бұл кесене – сәулет өнерінің жауһары. Бұған теңдес мавзолей әлемде жоқ деуге болады. Әрбір кірпіші есеппен қаланған. Өкінішке қарай, біз Ясауидің болмысын, оның рухани байлығын әлі толық білмейміз. Терең зерттелмеген. Сондықтан біз 26-28 қазан аралығында Түркістанда «Ескерткіштерді қорғайтын халық»  атты  халықаралық ғылыми конференция өткіземіз. Онда Ясауидің мұрасы мен тұлғасы және кесенесі туралы тың деректер айтылады. Зерттеледі. Шетелден тарихшылар келеді. Ұстаздарды осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Облыс бойынша 2025 жылға дейін «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 324 мектептің кітапханаларын жаңғырту жоспарланған. Түркістан мен Кентау қалаларында «Математикаға дайындықтың жаңа технологиясы» бағдарламасын енгізу жоспарлануда. Бұл бағдарламада мұғалімдер РФММ, «Қазақ-Британ» технологиялық университетінің әлеуетін пайдаланатын болады. Сонымен қатар НЗМ тәжірибесін таратуда маңызды бастамалар қолға алынады. Техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамыту мақсатында колледж басшыларының жұмыстарын бағалайтын КРІ жүйесі енгізіледі, оның ішінде өндіріс орындарымен бірлесе отырып кіші кәсіпорындар құру, бизнес-инкубаторлар ашу, педагогтардың сапалық құрамын арттыру, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштерін жоғарылату шаралары қамтылмақ.

  • 24.08.2022
  • 313
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

Сатыбалды Д. А.
(Мұрағат)

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика