• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тамыз кеңесіне қатысып, ұстаздардың ұсыныстарын тыңдадым

Бүгін Түркістанда «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы облыстық тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Жиында білім саласындағы мәселелер талқыланып, жоспарлар баяндалды. Ұстаздармен кездесіп, ұсыныстары мен пікірлерін тыңдадым. Мен үшін білім саласының орны бөлек. Ұстаздардың еңбегін өте жоғары бағалаймын. Өйткені ел болашағы – білікті ұстаздан тәлім алған жас өрендердің қолында!

Жаңа Қазақстанның ең үлкен үміті мен ең басты тірегі – білімді ұрпақ. Биыл облысымыздың білім саласына бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға өсті. Былтыр республикада 200 мектеп салынса, соның төрттен бірі біздің өңірде бой көтерді. Биыл 57 мектептің құрылысы жүруде, жыл соңына дейін 34-і тапсырылады. Бұндай көрсеткіш бұрын болмаған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында үш ауысымды, апатты мектептерді толығымен жою көзделіп отыр. Сондай-ақ 300, 600, 1200 және 2500 орындық жаңа мектептер салу жоспарланды. Осы құрылыстың нәтижесімен облыстың 65 мыңға жуық оқушысы жаңа типті мектепте оқиды. Облыстық бюджет және «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 32 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінді. Мемлекет тарапынан облысымыздың орта білім беру ұйымдарына қажетті қаржы қаралып, жаңа оқу ғимараттармен, материалдық-техникалық және оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп, жағдай жасалуда. 2021 жылы қыркүйек айында Түркістан қаласында 720 орынға арналған химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылып, 500 оқушы қабылданды. Қосымша біліммен қамту облыста 70 пайызға жетті. Осы бағытта өткен жылы Түркістан қаласында «Оқушылар сарайы», «Ақжайық» саз мектебі және «FabLab» (лабораториялар фабрикасы) ашылып, 3500-ге жуық оқушы қосымша біліммен қамтылуда. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Әр баланың бос уақытын тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөлеміз. Осындай игі шаралардың нәтижесінде өңірде жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық 26 пайызға төмендеді. Бұдан бөлек, ұлттық құндылықтарды отбасылық, рухани-адамгершілік тәрбиені дамытуға ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға тікелей ықпал ететін 1000-нан «Аналар», «Әкелер», «Ардагерлер» кеңестерінің жұмысын ерекше атап өту керек.

Айта кетейік, өткен оқу жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша республика көлемінде «100 үздік мектеп» тізіміне Түркістан облысының 11 мектебі енді. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада екінші орында тұр.

Биыл Түркістан облысындағы мектептерде 510 мыңнан аса оқушы білім алады. Алдағы жаңа оқу жылының табысы мен жетістіктері мол болып, шығармашылыққа және қуанышқа толы болсын.

  • 24.08.2022
  • 319
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

Сатыбалды Д. А.
(Мұрағат)

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика