• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нысанбаев Е.Н.
Экологиялық төлемдер аймақтың экологиясын жақсартуға бағытталады

Бүгін  Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап бердім.

Облыс тұрғындарының назарын «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыруға аудардым, ондағы 10 ірі қалада, оның ішінде Өскеменде 5 жыл ішінде 16 ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардағы шығарындыларды 20%-ға қысқарту көзделген.

Шығыс Қазақстан облысының экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі Жол картасында 35 іс-шара қарастырылған. 2021 жылы атмосфералық ауа сапасын бақылайтын 9 жаңа автоматты станция орнатылды (8 станция – Өскемен қ., 1 - Шемонаиха қ.), онда 6 негізгі ластаушы көрсеткіштер бойынша мониторинг жүргізіледі.

 Қалдықтар мәселелеріне тоқталдым. ШҚО-да бөлек жинау 3 елді мекенде ғана енгізілді, 4 елді мекенде сұрыптау енгізілді және қалдықтарды басқару бойынша 26 кәсіпорын жұмыс істейді, барлығы ел бойынша - 379.

"Рұқсат етілмеген қоқыс орындарының саны алаңдаушылық тудыруда, космомониторинг аясында 224 қоқыс орны анықталды, олардың 43% кәдеге жаратылды. Полигондардың пайда болу себептерінің бірі – заңдастырылған ҚТҚ полигондарының болмауы. Қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастырудың 165 объектісінің тек 22-сі немесе 13%-ы экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келеді. Екі ауданда, Катонқарағай мен Куршим аудандарында бірде-бір заңдастырылған ҚТҚ полигоны жоқ», - деп атап өттім

 Өз сөзінде облыс әкімдігіне ҚТҚ полигондарының жағдайын жақсарту, оларды тиісінше жайластыру, сондай-ақ коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу мен бекіту бойынша шаралар қабылдауды ұсындым.

Министрлік кәсіпорындарға лицензия беру, қоқыс шығаратын кәсіпорындардың тізілімін құру және қалдықтармен жұмыс істеу талаптарын бұзғаны үшін айыппұлды (жеке тұлғаларға 10 АЕК-тен 50 АЕК-ке) ұлғайту арқылы стихиялық қоқыс орындарын құру мәселесін шешу үшін бірқатар жүйелі шаралар қабылдағанын атап өткен жөн.

Сонымен қатар, облыстағы қанағаттанарлықсыз жағдайдағы кәріз-тазарту құрылыстары мәселесін көтердім. Ертіс трансшекаралық өзенінде ластаушы заттардың асып кетуі жүйелі түрде анықталады. Жөндеу жұмыстарын жүргізу және қайта жаңарту талап етіледі. «Сондықтан, әкімдікке экологиялық төлемдерден түсетін қаражат есебінен қаржыландыру мәселесін қарау орынды деп санаймыз», - деп ұсыныс бердім.

Облыстағы геологиялық саланы дамыту мәселелерін қозғай отырып, ведомство басшысы қорлардың толықтырылуының төмендігін атап өтті, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында 67,8 мың км2 алаңда жер қойнауын геологиялық зерттеуге назар аударды. Бұл геологиялық барлау жұмыстарының келесі кезеңдерін жүргізу және геологиялық барлауға инвестициялар тарту үшін Қазақстан аумағының, оның ішінде ШҚО аумағының перспективаларын бағалауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ,  су және орман шаруашылықтарының жұмысы туралы баяндап, балық шаруашылығын дамыту мәселелерін қозғадым. 2022 жылы өңірде 1297 тонна тауарлы балық өсіру жоспарланған, ағымдағы жылдың 6 айында оның 726 тоннасы өсірілді. 2023 жылдың соңына дейін Өскемен және Бұқтырма су қоймаларында құнды балық өсіретін екі торлы балық өсіру шаруашылығы құрылады, олардың жалпы қуаты 1,5 мың тонна. Облыс әкімдігінен жобалардың іске асырылуын ерекше бақылауға алып, қажетті көмек көрсетуді сұрадым.

Баяндамасының соңында  жиналғандарға: «Құрметті кездесуге қатысушылар, Сіздермен кездесуімді пайдалана отырып, мынаны айтқым келеді. Сіздердің өңірлеріңіз табиғи байлықтарымен әйгілі, бұл Катонқарағай ұлттық паркі, Марқакөл көлі және басқа да жерлер. Сіздерге көптеген туристер келеді. Біздің бірегей табиғи байлықтарымызға ұқыпты қарауға, қоқыс тастамауға, рұқсат етілмеген жерлерде от жақпауға шақырамын. Болашақ ұрпақ үшін табиғи сұлулықты құрметтеу және сақтау керек», - дедім.

Бұдан әрі жұртшылықпен кездесу сұрақ-жауап форматына көшті.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында  бірқатар өндірістік нысандарды аралап, азаматтарды жеке қабылдап, БАҚ өкілдері үшін брифинг өткіздім.

  • 27.08.2022
  • 379
Нысанбаев Е.Н.
(Мұрағат)

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика