• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Стресс активтері туралы Заң

Құрметті қазақстандықтар!

2022 жылғы 4 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң стрестік активтердің өтімді нарығын нарықтық қағидаттармен дамыту және стрестік активтерді экономикалық айналымға тартуды жеделдету үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған.

Заңның нормалары алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң, яғни 2022 жылғы 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Заң «Егемен Қазақстан» №126 (30355), 05.07.2022ж., «Казахстанская правда» №126 (29753), 05.07.2022ж. газеттерінде және ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 07.07.2022ж. жарияланды.

Заңда жеке инвесторларды қосу арқылы стрестік активтерді уәкілетті сатып алушылардың қолданыстағы тізімін кеңейту көзделеді.

Бұл ретте қарыз алушы-жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін стрестік активтерді сатып алуға құқығы бар тұлғалардың тізімін кеңейту заңды тұлғаларға берілген проблемалық қарыздарға және кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру үшін жеке тұлғалардың проблемалық қарыздарына ғана қатысты болады. Яғни, Заңда жеке тұлғалардың кредиттерін жеке инвесторларға сату көзделмеген.

Инвесторларға жұмыс істемейтін кредиттерге қызмет көрсету және оларды басқару жөнінде қызмет көрсететін сервистік компаниялар құру көзделеді. Сервистік компаниялардың қызметін енгізу жеке инвесторларға жұмыс істемейтін кредиттерді сату кезінде маңызды болып табылады, себебі бұл компаниялардың проблемалық қарыз алушылармен жұмыс істеу бойынша тиісті жұмыс тәжірибесі мен құзыреті болады.

Сервистік компаниялар активтерді сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асырады, жеке өндіріп алу стратегияларын әзірлейді және іске асырады және стрестік активтердің иелеріне басқа да қызметтер көрсетеді.

Сервистік компаниялардың функцияларын банктердің стрестік активтерін басқаруды жүзеге асыратын еншілес ұйымдарына және тиісті тәжірибесі мен құзыреті бар коллекторлық агенттіктерге беру ұсынылады. Агенттік белгіленген талаптарға сәйкес келетін сервистік компаниялар тізілімін жүргізіп, олар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсына орналастыратын болады. Бұл қарыз алушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, себебі көрсетілген ұйымдар Агенттіктің реттеу аясында.

Тағы бір басым міндет стрестік активтерді сату үшін толыққанды инфрақұрылым құру және стрестік активтерді сатып алу мен сатудың қайталама нарығын қалыптастыру болып табылады.

Ол үшін Агенттік Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің техникалық қолдауымен Ұлттық Банкпен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп барлық мүдделі инвесторлар мен стрестік активтерді ұстаушылар үшін ашық қолжетімділікті қамтамасыз ететін стрестік активтерді сатып алу және сату жөніндегі бірыңғай платформаны құру жөніндегі жобаны іске асыруда.

2022 жылдың соңына дейін электрондық платформаның операциялық моделі және оның кейіннен жұмыс істеуіне техникалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын оператор-ұйым айқындалатын болады. Бұдан басқа, электрондық платформаны құру үшін қажетті заңнамалық өзгерістер айқындалатын болады.

Стрестік активтерді сатып алу және сатудың бірыңғай платформасы нарықтың ашықтығын арттыруға, стрестік активтерді сатып алуға мүдделі инвесторлар базасын кеңейтуге, сондай-ақ стрестік активтерді сатып алу мен сатудың қайталама нарығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

 

  • 01.09.2022
  • 362
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика