- Блогтар
- Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
Қазақстан мен Бангладеш визалық режимді орнатуға арналған консулдық консультациялар өткізді
Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы мен Бангладеш Халық Республикасы арасында бейнеконференция форматында алғашқы консулдық консультациялар өтті. Қазақстандық тарапты СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, ал Бангладеш тарапын СІМ Шығыс Еуропа және ТМД елдері департаментінің бас директоры Сикдер Бодираззаман басқарды.
Тараптар жақын арада дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге қол қою арқылы екіжақты форматтағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетін растады.
- 06.09.2022
- 220