• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қаламыздың әрбір төртінші тұрғыны елді мекендерде, яғни елорданың шет тұстарында тұрады.

Абаттандырылған аудандар мен елді мекендер арасындағы теңсіздікті жою үшін жүйелі жұмыс жүріп жатыр.
✅Түйткілді мәселелердің бірі – инженерлік желілер. Қаланың елді мекендерінде 50 км инженерлік желі салынды, оның ішінде 11 км – кәріз, 20,7 км – сумен жабдықтау желісі, ал 3 км-ден астамы – нөсер кәрізі. Биыл тағы 10 шақырым инженерлік желінің құрылысын аяқтаймыз.
✅ Елді мекендерді жеке-жеке аралап, жергілікті тұрғындармен кездесу өткіземіз. Өндіріс тұрғын алабының тұрғындарымен кездестім. Осыған дейін қала тұрғындары оқу орындарына байланысты, нақтырақ айтқанда №12 мектеп бойынша проблема қозғаған болатын. Бұл мектеп осыдан 60 жыл бұрын салынған, қазір апатты жағдайда, ал ішіндегі құрылымдары жарамсыз күйде тұр. Оның ғимаратын бұздық, қазір орнына жаңа, жайлы мектеп салу жұмысы басталды. Оны 2023 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Сол сияқты жеке инвестор есебінен балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, Чехоев көшесіндегі (Өндіріс елді мекені) апатты үйлердің тұрғындарымен кездестім. Ондағы үйлердің бір бөлігін 2024 жылға арналған бұзу тізіміне енгіземіз. Бейнебақылау камераларын орнату, жол мәселесі, аула клубтары, абаттандыру секілді түрлі проблемалар қозғалды. Бұл мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды.
Елді мекендер жеке сектор болғандықтан 680 км газ тарату желісі салынды. Алматы және Сарыарқа аудандары газбен қамтамасыз етілген. Ал Байқоңыр және Есіл аудандарында жеткізуші газ құбырын (2023 жылы кварталішілік желілер) салу жұмысы жүріп жатыр.
✅Соңғы жылдары елді мекендердің өзінде 250 көше салынды және жөнделді. Биыл тағы 70 көшені асфальттаймыз, оның негізгі бөлігі аяқталды. Сол сияқты 300-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылды, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, бірқатар оқу орны салынды.
Мемлекет басшысы қаланың шет аумақтарын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Біздің мақсатымыз – елді мекендерге қажетті инфрақұрылым жүргізіп, тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, демалыс орындарын және т.б. салу.

  • 06.09.2022
  • 280
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика