• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сарманов А.А.
Сарманов А.А.

ҚР ЦДИАӨМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР ДСМ мен ЦДИАӨМ басшылары денсаулық сақтауды цифрландыру мәселелерін талқылады

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният саланы цифрландырудың бірқатар бағыттары бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы Бағдат Мусинмен кездесті.

Кездесу барысында пилоттық ұйымдарда деректерді жинау мен талдаудың және процестерді басқарудың жаңа технологияларын енгізу, медициналық бейнелердің орталықтандырылған қоймасын құру, сондай-ақ медициналық ұйымдарда толық қағазсыз құжат айналымына толыққанды көшу мәселелері талқыланды, бұл клиникалық хаттамаларды цифрлауды, қажетсіз нысандар мен талаптардан арылуды көздейді.

Сонымен қатар, медицинадағы коммуникация арналарын кеңейту тақырыбы көтерілді, бұл телемедицинаны және денсаулықты қашықтықтан мониторингілеуді кеңінен енгізу.

Сондай-ақ қос ведомство басшылары дәрі-дәрмек айналымы, медициналық қызмет және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау салаларында автоматтандырылған мемлекеттік бақылау құралдарын енгізу аспектілерін талқылады.

Тараптар Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығын ЦДИАӨМ-ге беру және цифрлық денсаулық сақтау саласында заңды тұлға мәртебесін беру туралы шешім бойынша ортақ пікірге келді.

Отырыс барысында атап өтілгендей, бұл шешімнің артықшылығы денсаулық сақтау саласында орталық ақпараттық хаб құру және тұтастай алғанда, мемлекеттік денсаулық сақтау қызметтерін көрсетудің сапасын, тиімділігін, қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыру болмақ.

РЭДCО-ны цифрлық денсаулық сақтау саласындағы заңды тұлға ретінде айқындау оған денсаулық сақтау және денсаулық сақтау жүйесі туралы деректерді қалыптастыруды міндеттеуге, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істеуіне және денсаулық сақтау саласында медициналық статистиканы жүргізуге, дербес медициналық деректерді таратпауға, ақпараттық жүйелерде сақталатын медицина қызметкерінің құпиясына және т. б. жауапкершілікті жүктеуге мүмкіндік береді.

  • 12.09.2022
  • 372
Сарманов А.А.

ҚР ЦДИАӨМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры

Сарманов А.А.
(Мұрағат)

ҚР ЦДИАӨМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика