- Блогтар
- Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі
Алматыдағы өрт қауіпті кезең ерекше бақылауда
Алматы қаласының халқымен кездесу барысындаТЖ министрі Юрий Ильин өрт қауіпті кезеңнің өтуі, жағдай ерекше бақылауда екенін атап өтті.
Егер жалпы төтенше жағдайлар туралы айтатын болсақ, оның негізгі үлесін тұрмыстық, көліктегі және табиғи өрттер құрайды.
Жыл сайын министрлік және оның аумақтық бөлімшелері өрт қауіпті кезеңде табиғи өрттердің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
Министр заң бойынша дала өрттерін сөндіру әкімдіктерге, орман өрттерін жою – жергілікті билік пен Экология министрлігі табиғат қорғау мекемелерінің өзара жауапкершілігі аймағында екенін еске салды. Бірақ кез-келген жағдайда Министрліктің бөлімшелері, оның ішінде авиация табиғи өрттерді сөндіруге жедел шығады.
- 23.09.2022
- 220