• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан делегациясының БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуы жалғасуда

Нью-Йорк, 2022 жылғы 22 қыркүйек – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобы (ТШАДУТ) министрлерінің жыл сайынғы кеңесінде сөз сөйледі. Кеңес тақырыбы – «COVID-19 пандемиясынан кейін 2014-2024 жылдарға арналған Вена іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруды жеделдету және 2024 жылы Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер бойынша БҰҰ конференциясының Үшінші кеңесіне серпін арттыру». БҰҰ-ның осы тобына 32 мемлекет кіреді.

Іс-шараны ТШАДУТ тобының төрағасы – Ботсвана Сыртқы істер министрі Лемоганг Квапе, БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-ші сессиясының төрағасы Чаба Кёрёши, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Амина Мохаммед, Бас хатшының орынбасары – Аз дамыған елдер, теңізге шыға алмайтын дамушы елдер және кіші арал дамушы мемлекеттер бойынша жоғары өкіл Рабаб Фатима ашты. Пленарлық сессияда ТШАДУТ тобының сыртқы саяси ведомстволарының басшылары және транзиттік елдер мен ТШАДУТ-пен ынтымақтасатын даму жөніндегі әріптес елдердің делегациялары сөз сөйледі.

Аумағы бойынша теңізге шыға алмайтын ең үлкен ел болып табылатын Қазақстан ТШАДУТ тобының жұмысына белсенді қатысады және бір жыл бұрын оның төрағасы болған.

Сол күні Министр М.Тілеуберді ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидтпен, Нидерланды сыртқы саяси ведомствосының басшысы Вопке Хукстрамен, Парагвай сыртқы саяси ведомствосының басшысы Хулио Рамиреспен, Доминикан Республикасы сыртқы саяси ведомствосының басшысы Роберто Альвареспен, Албания сыртқы саяси ведомствосының басшысы Олта Джачкамен және БАӘ сыртқы саяси ведомствосының басшысы Абдалла әл Нахайянмен бөлек келіссөздер жүргізді. Тараптар аталған елдермен және ұйыммен екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.

Доминикан Республикасымен келіссөздер қорытындысы бойынша ұлттық паспорттардың, сондай-ақ дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімдерге, ал Албаниямен визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, Парагваймен дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

  • 26.09.2022
  • 241
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика