• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қарабаев М. К.
Қарабаев М. К.

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өздеріңіз білетіндей, осыдан 3 ай бұрын Атырау облысына іс-сапармен барып, шалғайдағы елді-мекендердің тұрғындарымен кездескен болатынмын

Өздеріңіз білетіндей, осыдан 3 ай бұрын Атырау облысына іс-сапармен барып, шалғайдағы елді-мекендердің тұрғындарымен кездескен болатынмын. Аймақтағы қордаланған мәселелерді талқылап, жол жөндеу жұмыстарының барысы туралы әңгімелестік. Сондай-ақ жергілікті тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап қайтқан едім.  
 
Азғыр өңіріндегі жергілікті маңызы бар жолдың ахуалы төңірегінде сөз қозғаған азаматтар жолдың сапалы салынуы үшін тиісті шара қабылдауымды сұрады. Өз кезегімде аталған мәселені жеке бақылауыма алып, ғалымдармен бірлесе ғылыми тұрғыда климаттық ерекшелікті ескере отырып, жол салу технологиясын қайта қарайтынымызды айттым.
 
Шынымен-ақ, аталған өңірдегі автомобиль жолы бесінші категорияға жатады. Азғыр аймағы Нарын құмында орналасқандықтан, мұндағы жол учаскелерінде құм, саз және сор кездеседі. Жергілікті тұрғындарды да «жол құрылысы кезінде өңірдің топырақ ерекшелігі неге ескерілмейді», «ертең бұл жолдан ештеңе қалмайды» деген мәселелер алаңдатады.
 
Енді, міне, менің тапсырмам бойынша жол ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Атырау облысындағы аймақтық маңызы бар жолдардың құрылысында жергілікті материалдарды пайдаланудың жаңа технологиясын әзірлеп жатыр. Аталған технологияны алғаш рет Азғыр өңіріндегі автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарында қолдануды жоспарлап отырмыз.
 
Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты «7 разъезд–Үштаған–Асан–Азғыр–Балқұдық–Сүйіндік» автомобиль жолының техникалық жай-күйін зерделеді. Автожолдың жөнделетін учаскесі құрғақ даланың климаттық аймағында орналасқан. Бұл ретте органикалық емес байланыстырғыштар мен топырақ тұрақтандырғыштарын қолдана отырып, топырақты кешенді нығайту ұсынылады, бұл өз кезегінде беріктік пен аязға төзімділікті қамтамасыз етеді.
 
Ендігі кезекте жаңа технологияларды енгізу нәтижелі болып жатқан жағдайда, бұл әдіс өңірдегі өзге де жол жөндеу жұмыстарында қолданылатын болады.

  • 28.09.2022
  • 293
Қарабаев М. К.

ҚР Көлік министрі

Қарабаев М. К.
(Мұрағат)

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика