• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қарабаев М. К.
Қарабаев М. К.

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Осы аптада жеке мәселелерімен келген азаматтармен кезекті рет кездестім

Осы аптада жеке мәселелерімен келген азаматтармен кезекті рет кездестім. Бұл жолы қабылдауға Астана, Алматы, Атырау, Шымкент қалалары мен Ақмола және Түркістан облыстарының тұрғындары келді. Олар өздерінің ұсыныстарын алға тартып, көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды.

Кездесу барысында бірқатар маңызды мәселе көтерілді. Атап айтқанда, Түркістан облысынан келген Т.Қожакелдиев жылыту радиаторларын өндіру жобасын жүзеге асыру үшін арнайы грант алуға қатысты сауалын қойды. Ал Б. Алшынбаев есімді елорда тұрғыны жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысының жоспарына қатысты және бұған дейін осы бағдарлама арқылы салынған пәтерлер нақты кімдерге берілгені туралы сұрағын жолдады. Ақмола облысына қарасты Талапкер ауылының тұрғындары инфрақұрылымды дамыту және аталған елдімекендегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қатысты мәселелерді көтерді.

Қоғамдық қабылдау барысында айтылған ұсыныстар жіті назарға алынатынын жеткізіп, өтініштер мен сауалдарға егжей-тегжейлі жауап бердім. Кездесуде көтерілген мәселелер бойынша құрылымдық бөлімше басшыларына тапсырмалар беріп, бірқатарын жеке бақылауыма алдым.

Осы орайда мұндай кездесулерден бөлек, қоғаммен конструктивті байланыс әлеуметтік желілер арқылы да орнатылғанын айта кеткім келеді. Күн сайын  direct-ке өңір тұрғындарынан көптеген хаттар келіп түседі. Оларға мүмкіндігінше жауап беруге тырысамын. Жедел әрекет етуді қажет ететін мәселелерді жылдам шешуге барынша тырысамыз. Сауалдардың басым бөлігі автокөлік жолдарының бүгінгі ахуалы, тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымды дамыту және өзге де мәселелер төңірегінде.

Аталған форматтағы кездесулер ай сайын тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Тағы бір айта кетерлігі, қабылдауға кез келген азаматтың жазылу мүмкіндігі бар. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде бұл үрдісті одан әрі жалғастыра беруге ниеттімін.

  • 04.10.2022
  • 279
Қарабаев М. К.

ҚР Көлік министрі

Қарабаев М. К.
(Мұрағат)

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика