• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Т. Дүйсенова Жезқазған тұрғындарына халықты әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында ҮЕҰ өкілдерімен, көпбалалы аналармен және мүгедектігі бар адамдармен кездесу өткізді.  Министр балалы отбасылар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді.

Өз сөзінің басында Тамара Дүйсенова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қолдауды жақсартуға бағытталған бірқатар шараларды көздейтін әлеуметтік кодекстің жобасын әзірлегенін хабарлады.

Министр Әлеуметтік кодексті іске асыру құралдарының бірі осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде іске қосылған Отбасының цифрлық картасы екенін атап өтті. Бұл азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгінуін күтпестен проактивті форматта көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Өткен айда кейбір қазақстандықтар өздеріне тиісті мемлекеттік кепілдіктер көрсетілген смс-хабарлама алды.

Министр балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға мемлекет ерекше назар аударатынын атап өтті, оған бюджеттен төленетін жәрдемақылардың 5 түрі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) төленетін төлемдердің 2 түрі кіреді.

Тамара Дүйсенова Президенттің тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бала күтімі бойынша төлем мерзімі 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғаятынын, бұл жұмыс істейтін де және жұмыс істемейтін ата-аналарға да қолданылатынын атап өтті.

«Бүгінгі таңда бұл шамамен 552 мың жұмыс істейтін және 60 мыңнан астам жұмыс істемейтін ата-аналар бар. Бұл ретте жұмыс істейтін ата-анаға төлемдер олардың жалақысының 40% мөлшерінде МӘСҚ-дан жүргізілетін болады. Жұмыс істемейтін ата-аналар мен бала туылғанға дейінгі соңғы екі жылда 6 айдан аз жұмыс өтілі бар адамдар жәрдемақы мен төлемдерді тек мемлекеттік бюджеттен ала алады», – деп түсіндірді ол.

Тамара Дүйсенова арнайы әлеуметтік қызметтер жүйесі және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы да  айтып берді.

Мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету қазір Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталда мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдарын, санаторлық-курорттық емдеу, жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтерін және оларды жеткізушілерді өз бетінше таңдай алады.

«Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосу: оңалту құралдары мен қызметтерімен қамтамасыз ету уақытын 8 айдан 2 аптаға дейін қысқартуға; мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтер мен оңалтудың техникалық құралдарын таңдауды өнім берушіден жеке қажеттіліктерін, сапасын, беделін және басқа пайдаланушылардың пікірлерін ескере отырып, тікелей ұсынуға; мүгедектігі бар адамдардың қай жерде орналасқанына қарамастан, оңалту құралдары мен қызметтерін таңдауына мүмкіндік береді. Мысалы, санаторийді ауруына байланысты басқа өңірден таңдауға болады.

2022 жылғы 3 қазандағы жағдай бойынша Ұлытау облысы бойынша оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау 84,9%-ды құрады, бұл республикалық көрсеткіштен жоғары. Жалпы, жыл басынан бері Портал арқылы өңірде шамамен 9 107 оңалтудың техникалық құралдарын, ымдау тілі маманының қызметін – 53 адам, жеке көмекшінің қызметін – 303, санаторлық-курорттық емдеуді – 609 азамат алды», – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Министр сондай-ақ кездесуге қатысушыларды Қазақстанның барлық өңірінде мүгедектікті сырттай белгілеу пилоттық режимде енгізілгені туралы хабардар етті. 

«Мүгедектікті сырттай белгілеу тетігі бүкіл процесті түбегейлі өзгертеді және куәландырылатын адамның тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға ғана жүгінуін көздейді. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат және азаматтың тыныс-тіршілігінің бұзылу дәрежесі туралы дәрігерлердің қорытындылары медициналық ақпараттық жүйелер арқылы Еңбек министрлігінің орталықтандырылған деректер базасына түседі. Сол жерден, жеке деректерді көрсетпей, ақпарат бұрынғыдай тұрғылықты жері бойынша емес, үш өңірдің тиісті сараптамалық комиссияларына автоматты түрде жіберіледі. Олардың қорытындылары негізінде объективті шешім шығарылады. Бұдан әрі мүгедектік, оңалтудың техникалық құралдары және оңалту қызметтері бойынша жәрдемақы проактивті түрде, яғни азаматтың түрлі инстанцияларға жүгінуін қажет етпестен тағайындалады», – деді Тамара Дүйсенова. Биыл Ұлытау облысында сырттай форматта 383 өтінім немесе 14,6% қаралғанын айтты.

Еңбекминінің басшысы қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Ол бүгінгі таңда республикада 2,2 млн-нан астам зейнеткер, оның ішінде облыста 27,9 мың адам (1,2%) бар екенін хабарлады.

Былтырмен салыстырғанда биыл ынтымақты зейнетақы мөлшерінің өсуі 11% - ды, базалық зейнетақының өсуі – 9% - ды құрады. Ұлытау облысының зейнеткерлерінің 82% - ы жоғары және орта деңгейде зейнетақы алады. Облыс бойынша зейнетақының орташа мөлшері 110,9 мың теңгені құрайды.

Тамара Дүйсенова зейнетақының өсуіне 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі және ең жоғары мөлшерлемесінің кезең-кезеңімен өсуі ықпал ететінін айтты. Бұл ретте жыл сайынғы өсім шамамен 13%-ды құрайды және барлық 2,2 млн зейнеткерге қатысты болады. Сонымен қатар, ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылатын болады, бұл зейнетақы мөлшеріне де әсер етеді.

Жалпы жаңа шаралар пакеті 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Осы шараларды іске асыруға бюджеттен шамамен 1,3 трлн теңге бағытталатын болады.

Осы жылы 6 қазанда Министр Ұлытау ауданында және Сәтбаев қаласында ҮЕҰ өкілдерімен, көпбалалы аналармен және мүгедектігі бар адамдармен кездесулер өткізеді.

  • 05.10.2022
  • 233
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика