• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Т. Дүйсенова Отбасының цифрлық картасының артықшылықтары туралы Ұлытау облысының активіне айтты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында өңір активімен кездесу өткізді. Еңбекминінің басшысы Отбасының цифрлық картасын енгізудің оң әсері туралы айтып, азаматтарды жұмысқа орналастыру және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін талқылады.

Іс-шараға өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы, облыстық мәслихат өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, облыс аудандарының әкімдері қатысты.  

Министр кездесуге қатысушыларды Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

«Бүгінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде Цифрлық картада 6 млн отбасы және олардың 19 млн мүшесі туралы ақпарат жинақталған, ал Ұлытау облысы бойынша 74,2 мыңнан астам отбасы бар. Бұл ретте біз өздеріне тиісті көмек алмайтын отбасыларды анықтадық. Мұндай отбасылар 1 қыркүйектен бастап өздеріне тиісті мемлекеттік кепілдіктер көрсетілген SMS-хабарлама алады. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары оларға проактивті форматта тағайындалады», – деді Тамара Дүйсенова.

Бұл ретте уақтылы көрсетілмеген мемлекеттік қызметтердің мысалы ретінде Министр Ұлытау облысында асыраушысынан айырылуына байланысты төлем тағайындауға жүгінбеген және тиісті мемлекеттік көмек алмаған отбасы туралы айтты.

Өңір тұрғындарына 178 SMS-хабарлама жіберілді, оның ішінде 51 төлем тағайындалды, 117 SMS-хабарламаға жауап қайтарылмаған, 10-ы жұмыста.

Министрлік басшысы қазіргі уақытта Отбасының цифрлық картасы аясында жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 5 түрі бойынша проактивті форматта қызмет көрсететінін айтып өтті. 2023 жылдан бастап әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтер тізбесі кеңейтілетін болады. 2025 жылға қарай Цифрлық картамен әлеуметтік салада, денсаулық сақтау және білім беру салаларында мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылады.

Министр сонымен қатар жергілікті биліктің назарын халықты жұмыспен қамтуға аударды. Тамара Дүйсенова осы жылдың 9 айында Ұлытау облысында 6 936 адам жұмысқа орналастырылғанын, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы бос орындарға – 4 126 адам орналастырылғанын, белсенді жұмыспен қамту шараларымен – 2 210 адам қамтылғанын, ұлттық жобалар шеңберінде – 600 адам жұмысқа орналастырылғанын атап өтті.

«Жұмыс орындарымен қамту мониторингін жүргізу тәртібіне сәйкес азаматтарды жұмысқа орналастыру олар үшін міндетті зейнетақы аударымдарымен расталатынына назар аударғым келеді. Өңірде бұл көрсеткіш 64%-ды құрайды. Облыстық деңгейдегі ең төменгі көрсеткіш Жаңаарқа ауданында – 58%», – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Ол сондай-ақ Ұлытау облысының өңірлік картасында көзделген 1 137 тұрақты жұмыс орнының 9 айда тек 378 (33%) ғана ашылғанын, ал Жезқазған қаласы мен Жаңаарқа ауданында бұл көрсеткіш өте төмен екенін айтты.

«Электрондық еңбек биржасына енгізілген ұлттық жобалар шеңберінде жарияланған жұмыс орындарын талдау нәтижелері Ұлытау облысы бойынша 894 орын ұсынылғанын көрсетті. Бұл ретте тек 156 адам жұмысқа орналастырылды», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр өңірде Электрондық еңбек биржасында орналастырылған жалақысы жақсы бос жұмыс орындары жеткілікті екенін атап өтті.

«Біздің міндетіміз – жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасуға барынша қолдау көрсету екенін ұмытпаған жөн. Осы бағыттағы жұмысты жандандыруды сұраймын», – деді Еңбек министрі.

Кездесу барысында Тамара Дүйсенова жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдерімен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту, балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін талқылады.

«Бүгінгі таңда республика бойынша 50-60 жас аралығындағы 325 мыңға жуық әйелдің, оның ішінде Ұлытау облысында 4,3 мың әйелдің табысы жоқ. Еңбек өтілі жоқ және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыспаған олар болашақта жұмыс істейтін әйелдерге қарағанда аз мөлшерде зейнетақы алады.

Зейнеткерлік жасқа жақындаған және табыс көзі жоқ әйелдердің жағдайын түзету және табысын арттыру үшін Мемлекет тарапынан қосымша қолдау шаралары пысықталуда. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар әйелдердің осы санатын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет», – деп атап көрсетті ведомство басшысы.

  • 05.10.2022
  • 293
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика