• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қадірлі ұстаздар!

 

 

Баршаңызды Ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға деген сөзі бар. Себебі, ұстаздық – адал еңбекті талап ететін жауапты миссия.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Түркістан тұрғындарымен кездесуде шаһарға қолдау жалғасатынын айтты. Президент «Былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілді. Ал, біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан, Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын» деген болатын. Бұл ретте аймақты дамытуда, білікті ұрпақ тәрбиелеуде ең жауапты міндет сіздерге жүктеліп отыр. Сондықтан біз білім саласын дамытуға басымдық береміз.

Түркістан облысы республика бойынша білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі жағынан бірінші орында.

Қазіргі таңда облыстың білім беру саласын кешенді дамыту мақсатында 2022-2025 жылдарға арналған «TURKISTAN BILIMI» стратегиялық даму жоспары әзірленуде. Осы жоспарға сәйкес ауқымды жобалар іске асырылады.

Бүгінгі күні облыс мектептерінде 514 мыңнан астам оқушы білім алады. Оқушы саны жөнінен республикадағы ең үлкен көрсеткіш – Түркістан облысында.

Облыста кезең-кезеңімен 199 мектептің құрылысын салу жоспарланды. Өткен жылы 77 мектеп салынса, биылғы жылы 34 мектеп пайдалануға беріледі. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар ұстаздар қауымының жұмысын жаңа сапаға көтеруді талап етеді.

Өткен оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша республикадағы 7 500 мектептің «100 үздік мектебі» тізіміне облысымыздың 11 мектебі енді. Оқушыларымыз 6 халықаралық, 24 республикалық білім сайыстарына қатысып, 25 алтын, 32 күміс, 64 қола медаль иеленді. Республикалық «Ұлттық мектеп лигасы» жарысында спорттың 41 түрінен Түркістан облысының оқушылары 11 алтын, 9 күміс, 7 қола медалға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте I орынға ие болды. Бұл – үлкен мақтаныш, әрі ұстаздардың қажырлы еңбегінің жемісі.

Ұстаз – жай білім беретін мамандық иесі емес. Ол – екінші ата-ана, тәрбиенің де қайнар көзі. Бәріміз де ұстаздарға қарыздармыз. Сондықтан ұлағатты ұстаздардың алдында барлық адам құрметпен бас иеді.

Құрметті ұстаздар!

Ұлт ағартушысы Міржақып Дулатұлының «Жалғыз білім үйретуге емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек», – деген өсиетін ұмытпайық!

Баршаңыздың отбасыларыңызға – амандық, дендеріңізге –саулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.

  • 06.10.2022
  • 254
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

Сатыбалды Д. А.
(Мұрағат)

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика