• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сарыағаш ауданы тұрғындарымен кездестім

Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, өткір мәселелерді талқылау мақсатында жоспарға сәйкес Сарыағаш ауданынан арнайы барып, жергілікті халықпен кездестім. Айтары бар азаматтардың ұсыныстарын тыңдадым. Ел инфрақұрылым, мектеп салу және өзге де мәселелерді көтерді. Айтылған мәселелердің барлығы орынды. Соның ішінде халықты жұмыспен қамтамасыз ету – атқарушы биліктің, яғни біздің міндетіміз, Мемлекет басшысының бізге берген тапсырмасы.

Сарыағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше көңіл бөлінген. Суы шипалы, елі еңбекқор Сарыағаштың болашағы жарқын. Ауданды дамыту жұмыстары жалғасады.

Халықпен жүздесулерде көтерілген мәселелер шешімін тауып келеді. Аудандағы Жібек жолы ауылдық округінің Дихан баба елді мекенінде кітапхана және мәдениет үйін салу мақсатында қажетті 340,4 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары басталып кетті. Көктерек кентінде қыркүйек айынан бастап ескірген электр желілері мен бағаналарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сарыағаш ауданында  7 мектептің құрылысы басталып, биыл 4 мектеп пайдалануға берілмек. Ауданда 3 дәрігерлік амбулатория салынуда. 8 елді мекенді ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғындармен кездесуден кейін жеке қабылдау өткіздім. Кездесуде және жеке қабылдауда көтерілген әр мәселе хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Сарыағаш ауданындағы іссапарымда  бірқатар өндіріс орындарында болып, жұмысымен таныстым. «Бес қара» құс фабрикасында 400 мыңға жуық Коралл-кросс тұқымды құсы өсіріледі. Тәулігіне 300 мың жұмыртқа шығарады. Жібек жолы ауылдық округіндегі ерте көктемгі дақылдардың көшеттерін дайындаумен айналысатын «Agro Tur» шаруа қожалығында жылына 12 млн. түп көшет өсіріледі. Соңғы үлгідегі автоматтандырылған мұндай өндіріс орны еліміз бойынша алғаш рет Сарыағаш ауданында ашылған. Біз кәсіпкерлікке қолдауды күшейтеміз. Мемлекет экономикасының күретамыры – өндіріс және кәсіпкерлік.

Сарыағаш ауданын дамыту бағытындағы жұмыстарды әрі қарай жаңа қарқынмен жалғастырамыз.

 

 

  • 07.10.2022
  • 319
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

Сатыбалды Д. А.
(Мұрағат)

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика