• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев Жетісу облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына барды

Жетісу облысында АӨК-те алдағы үш жылда құны 32 млрд теңгеге жуық 67 инвестициялық жоба іске асырылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі жаңа аймаққа алғашқы жұмыс сапары кезінде мәлімдеді.

Өңірге сапар кезінде Ербол Қарашөкеев жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына барды. Атап айтқанда, Жетісу облысында 8,3 мың басқа арналған 36 сүт-тауар фермасы бар. Министр барған солардың бірі биыл өндірісті кеңейтуге қосымша 900 млн теңге инвестиция алды. Қазір «Каримов» ЖК сүт фермасында 900 бас ірі қара бар, оның 600 сауын мал. Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы саланы субсидиялау бөлігінде жоспарланған инновациялар туралы айтты. Мысалы, зауыттарға тапсырылған сүт үшін субсидия алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде сүт құбыры бар машинамен сауу тиіс. Бұл өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Сонымен бірге, бұл норманың жеке қосалқы шаруашылықтардың сүтін жинаушы кооперативтеріне қатысы жоқ.

Ербол Қарашөкеев Жетісудің асыл тұқымды орталықтарының бірі - асыл тұқымды малдардың генофондын сақтауға және көбейтуге арналған «Асыл» ЖШС-нің қалай жұмыс істейтінімен танысты. Мұнда тұқымды криоконсервациялау жоғары технологиялық жабдықта жүргізіледі.

Өңір фермерлерін мал шаруашылығын субсидиялаудың жаңа ережелері мәселесі аландатады, атап айтқанда ұсынылған нұсқада ІҚМ аналық басын қолдан ұрықтандыру қызметі үшін асыл тұқымды, дистрибьюторлық орталықтарды субсидиялауды алып тастау көзделеді. Фермерлер мемлекеттік қолдаудың бұл түрін оңтайландыру тұқымсыз малдың көбеюіне және өнімділіктің төмендеуіне әкеледі деп алаңдайды.

Ербол Қарашөкеев селекциялық-асыл тұқымды жұмысты субсидиялау субсидияның ең жемқор түрі екенін түсіндірді. Бұл барлық бұзушылықтардың 41% құрайды.

«Антикор анықтаған көптеген фактілер бар, атап айтқанда жалған келісімшарттар жасасқан кезде, жалған қызметтер көрсетіліп, сол үшін ақша алған кездер анықталды.  Қазір бұл мәселе жұмыс топтары аясында қарастырылып жатыр Әрине, селекциялық-асылдандыру жұмыстары сақталады. Бірақ бақылау құралдары күшейтіледі», - деді министр.

Жалпы, министрдің айтуынша, мемлекет пен Үкімет басшысының қолдауының арқасында қазіргі уақытта бюджет қаражатын қосымша бөлуді ескере отырып, субсидиялаудың жалпы көлемі 451 млрд теңгені құрайды. Бұл 2021 жылғы деңгейден 20% - ға артық, оның ішінде Жетісу облысына 53 млрд теңге көзделген.

Ербол Қарашөкеев өңірдегі егін жинау науқанының барысымен де танысты. Жетісу облысында 284,8 мың га астық жиналып, 658,6 мың тонна астық бастырылды, орташа өнімділігі гектарына 23,1 центрнерді құрап отыр.  Ал қант қызылшасын жинауға келетін болсақ, өңірдегі тамыр дақылының егіс алқабы 6 мың га құрады, ал биылғы жылы өнімділік шамамен 400-450 ц/га құрады.

Сонымен бірге сапар барысында Ауыл шаруашылығы министрі Көксу қант зауытында болып, облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті.

 

  • 10.10.2022
  • 292
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика