- Блогтар
- Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дүйсенова Түркістан мен Шымкент тұрғындарына Әлеуметтік кодекс жобасы туралы айтып береді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Түркістан және Шымкент қалаларына жұмыс сапары аясында екі өңірдің активімен, еңбек ұжымдарымен, ҮЕҰ өкілдерімен, мүгедектігі бар адамдармен және әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесулер өткізеді.
Тамара Дүйсенова халыққа Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының іске асырылу барысы және ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында көзделген әлеуметтік-еңбек саласын жетілдіру жөніндегі жаңа тәсілдер туралы айтып береді.
Сонымен қатар, Министр баспасөз брифингінде журналистердің сұрақтарына жауап береді.
Бұған дейін хабарланғандай, 12-13 қазан күндері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арнайы мобильді тобы Түркістан облысының Қазығұрт, Шардара, Келес, Созақ аудандарында және Кентау қаласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
- 14.10.2022
- 196