• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қарабаев М. К.
Қарабаев М. К.

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысында «Астана-Ерейментау-Павлодар» республикалық автожолындағы 235-259 шақырымды қамтитын проблемалық учаскіде жөндеу жұмыстары аяқталды

Павлодар облысында «Астана-Ерейментау-Павлодар» республикалық автожолындағы 235-259 шақырымды қамтитын проблемалық учаскіде жөндеу жұмыстары аяқталғаны туралы жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Жөндеу жұмыстарымен «АстанаСтройМонтажИнжиниринг» серіктестігі айналысты. Жалпы 138 мың м2 жол жөнделіп, 35 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмылдырылды. Бүгінгі таңда асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары толық көлемде орындалды. Шынымен, аталған жолдың осы учаскесіне қатысты мәселе аймақтағы көп жылдардан бері қордаланып, шешілмей келген сұрақтардың бірі еді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де реті келіп жатса, бірден аталған жол бөлігінде құрылыс жұмыстары қашан аяқталатыны туралы сұрақтар қоятын. Әсіресе, осы жол туралы ерекше алаңдаушылық танытқан журналист қарындасым А.Коскина. Тіпті, бірде «Биыл аяқтайтыныңызға уәде бересіз бе?» деп сұрағанда, «Иә» дегенмін. Ақпарат айдынында қызмет етіп жүрген іні-қарындастарымыздың әлеуметтік маңызды мәселелерге алаңдаушылық білдіруі дұрыс. Өйткені, БАҚ өкілдерінің маңызды міндеттерінің бірі – қоғамда орын алған өзекті мәселелерді атқарушы мемлекеттік органдар өкілдерінің назарына жеткізу болып табылады ғой. Айта кетерлігі, автомобиль жолдарының, оның ішінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының сапасына қатысты мәселе ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында да маңызды орын алған еді. Бұған дейін Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай сапалы жергілікті жолдардың үлесін 95%-ға дейін жеткізуді тапсырған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар министрлігіміздің күн тәртібінен түспейді.

  • 14.10.2022
  • 305
Қарабаев М. К.

ҚР Көлік министрі

Қарабаев М. К.
(Мұрағат)

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика