- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
ЕЭК Кеңесінің отырысында сұр сертификаттармен күресу шаралары бекітілді
2022 жылғы 17 қазанда Қазақстанның бастамасымен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ЕЭК-тің өнімге қойылатын міндетті талаптарын оңтайландыру, оның ішінде оның белгіленген талаптарға сәйкестігін міндетті бағалау бөлігінде шаралар тізбесін бекітті. Осылайша, ЕАЭО елдерінің периметрінде бұзушылықтармен («сұр» сертификаттармен) берілген сертификаттармен күресу бойынша іс-шаралар жоспары қабылданды.
Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, қабылданған құжат ЕАЭО актілерін пысықтауды көздейді, бұл, мысалы, бір декларацияға, партияға берілетін бір сынақ хаттамасына жүздеген мың тауар әкелінетін жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шаралар тізбесі ЕАЭО-ға мүше елдердің зерттеу хаттамаларымен жедел алмасуы үшін іс-шаралар жоспарын іске асыруды және хаттамалардың бірыңғай тізілімін құруды қамтиды.
- Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақтың басқа елінде берілген сынақ хаттамаларын тексеру үшін осы Мемлекетке сұрау салып, оның жауабын екі айға дейін күту қажет. Біз күткен уақытта тауар нарықта сатылып бітеді. Жедел ақпарат алмасу көршілерімізден хаттаманы 1-2 күн бұрын растауға мүмкіндік береді. Сонда біз «сұр» сертификаттарды жылдам анықтап, ел нарығына ықтимал қауіпті тауарлардың енуіне жол бермейміз, - деп атап өтті Серік Жұманғарин.
ЕАЭО-ның өнімге қойылатын міндетті талаптарын оның белгіленген талаптарға сәйкестігін оңтайландыру мәселесін Қазақстан биылғы жылы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің наурыз айындағы отырысында көтерген болатын. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, 2021 жылы қазақстандық өтініш берушілер ЕАЭО елдерінің бірінде 25 мыңға жуық сертификат алды. Қазақстанда ұқсас өнімдерге сәйкестікті бағалау үшін барлық жағдай жасалған. Осы мәселеге бастамашылық жасағаннан кейін бірнеше ай ішінде ЕЭК алаңында қазақстандық кәсіпкерлердің басқа елдерде «сұр сертификаттар» алу мүмкіндігін шектейтін шаралар тізбесі дайындалды және осы қазан айында бекітілді.
Сондай-ақ, ЕЭК отырысында электрэнергетикасы нарығы, тауарларды сәйкестендіру құралдарын криптографиялық қорғау, газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру, тауарлармен электрондық сауданы әкімшілендірудің бірыңғай талдамалық жүйесін әзірлеу және т.б. мәселелер қаралды. Келесі отырысты 2022 жылдың 18 қарашасында Мәскеуде бетпе-бет жүздесу форматта өткізу туралы шешім қабылданды.
- 18.10.2022
- 209