- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық реформа
Мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы аясында елдің биоқауіпсіздігін болжаудың ұлттық жүйесін құру және «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заңды қабылдау туралы тапсырма берді.
Биологиялық қауіпсіздік әлемдік қоғамдастықтың маңызды проблемасы болып табылады. Оның өзектілігі заманауи әлемде жаһандық сипатқа ие жұқпалы аурулар мен олардың қоздырғыштарынан туындайтын қауіптермен анықталады.
«Биологиялық қауіпсіздік туралы» Заңды іске асыру мақсатында ҚазСтандарт ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен бірлесіп ҚР ДСМ-нің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 855 бұйрығына стандарттарға тікелей сілтемелерді енгізді.
Бүгінгі күні 49 ұлттық және 70 мемлекетаралық стандарттарға сілтемелер келтірілді.
Заңда көрсетілген стандарттар патогендермен және басқа микроорганизмдермен күресуге қарсы талаптарды, сондай-ақ қорғаныс костюмдерін, маскаларын, қолғаптарын және дезинфекциялық құралдарды белгілейді. Стандарттар биологиялық қауіптердің алдын алуға бағытталған.
«Біздің мақсатымыз стандарттар призмасы арқылы халықтың денсаулығы мен елдің ұлттық қауіпсіздігінің қорғалу деңгейін арттыру», - деп хабарлайды ҚазСтандарт.
Енді биологиялық қауіпсіздік қызметін жүзеге асыратын құзыретті органдар Заңда көрсетілген стандарттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
- 19.10.2022
- 228