• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан және Греция АШМ басшылары ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Қазақстан Грецияға дәнді дақылдарды экспорттап, осы елден зәйтүн майын импорттайтын болады. Екі елдің ауыл шаруашылығы министрлері – Ербол Қарашөкеев пен Георгис Георгантас KGIR – 2022 жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел аясында тиісті құжатқа қол қойды.

 ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы отандық бидайдың тұрақты өнімділігі мен жоғары сапалық сипаттамалары Қазақстанның астық пен ұнды әлемдік жетекші экспорттаушылардың бірі ретінде танылуына ықпал еткенін атап өтті.

«Сондай-ақ біз ұн және жарма өнеркәсібі өнімдері, ет, өсімдік майлары,  қайта өңделген және органикалық өнімдердің басқа да түрлерін жеткізуді пысықтауға дайынбыз. Осы құжатқа қол қою елдеріміздің АӨК саласындағы ынтымақтастығын дамытуға қосымша серпін береді деп сенемін», - деді Ербол Қарашөкеев.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі сонымен қатар грек инвесторларына Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы шикізатын, оның ішінде ет пен сүтті, картопты, қант қызылшасын, майлы дақылдарды, жемістерді және т.б. өңдеу бойынша жобаларды іске асыруды ұсынды.

Сонымен қатар, қазақстандық тарап екі елдің министрліктері мен ведомстволарының мамандары мен ғалымдары арасында кадрлар даярлау және АӨК ғылыми қамтамасыз ету, оның ішінде бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу саласындағы өзара іс-қимылды жандандыруға мүдделі.

Өз кезегінде грек делегациясы техникалық ақпаратпен, ноу-хаумен және тәжірибемен алмасуды, сондай-ақ екі елде де оқу бағдарламаларын, семинарларды, конференцияларды ұйымдастыруды ұсынды.

Айта кетейік, Қазақстан мен Греция арасында сауда көрсеткіштерінің өсуі байқалады. 2022 жылдың 8 айында АӨК өнімінің тауар айналымы 2021 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға өсіп, 3,8 млн долларды құрады.

 

  • 20.10.2022
  • 300
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика