• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Оңтүстік астананың тұрғындарымен кездесу өтті

Халықпен кездесу барысында қаланың экологиялық жағдайы бойынша көптеген мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, өз есебімде Алматының бірнеше жылдан бері ең ластанған қалалар тізіміне енгенін атап өтті. Жыл сайын қала атмосферасына шамамен 138,7 мың тонна ластаушы заттар шығарылады. Ластану жылу көздерінің (ЖЭО-2 және ЖЭО-3), жеке тұрғын үйлердің және транспорттың шығарындыларымен байланысты. Бұдан бөлек, Алматы қаласының атмосфералық ауасының жай-күйіне Алматы облысының 3 іргелес аудандарындағы газдандырылмаған өңірлердің шығарындылары теріс әсер етуде.

9 ай ішінде ел бойынша атмосфераға 900 мың тоннаға жуық ластаушы заттар шықса, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18%-ға төмен (1,1 млн.тонна). Алматыда 31,9 мың тонна белгіленсе, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,4%-ға төмен (44,6 мың тонна).

Сондай-ақ,  Алматының экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар кешені алматылықтардың пікірлерін ескере отырып әзірленгенін атап өтті. Осы орайда, қаладағы экожүйені бақылау бекеттерінің саны 16-дан 40-қа дейін өсті. Барлық жаңа бекеттерді қоғамдық ұйымдардың күштері ұйымдастырып, Қазгидрометтің бірыңғай мониторингтік желісіне біріктірілді (11 бекет – Эко сарапшы, 10 датчик Павел Плотицын, 3 бекет – Скаймакс). Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімдігі Азия даму банкінің көмегімен Қазгидрометтің AirKZ мобильдік қосымшасына интеграцияланатын тағы 50 датчик орнатады.

ЖЭО-ны экологияландыру мақсатында газ турбиналарын салу арқылы барлық ЖЭО-ны жаңғырту туралы шешім қабылданды. ЖЭО-2 және ЖЭО-3 бойынша ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Ашық тендер өткізілуде. Жұмыстарды 2026 жылы аяқтау жоспарлануда. Бұл 2-ЖЭО-дағы шығарындыларды 94%-ға 38-ден 2 мың тоннаға дейін, 3-ЖЭО-дағы шығарындыларды 83%-ға 12-ден 2,0 мың тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Алматы әкімдігі дизельді қоғамдық көлікті сатып алуға тыйым салды. Қазірдің өзінде 827 электр және газ автобустары сатып алынды. Осы жылдың соңына дейін экологиялық таза қоғамдық көліктің жалпы саны 40%-ды құрайды, ал 5 жыл ішінде қалалық көлікті толығымен газ бен электр энергиясына ауыстыру жоспарлануда.

«Көгалдандыру мақсатында әкімдік жасыл желектерге толық аудит жүргізіп, олардың тізілімін жүргізуде. Жүйелі шара ретінде Министрлік тиісті заңнамаға ағаштарды кесу нормаларын қатаңдату бойынша өзгерістер енгізді, онда 20-30 есе мөлшерде заңсыз кесілгені үшін ағаштарды өтемдік отырғызу көзделген және заңсыз кесілгені үшін әкімшілік жаза бес есеге дейін ұлғайтылды.

Стихиялық қоқыс үйінділерін құру мәселесі бойынша қауіпті қалдықтарды қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын кәсіпорындарға лицензиялар беру басталды, қоқыс шығаратын кәсіпорындардың тізілімі құрылды және қалдықтармен жұмыс істеу талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар ұлғайтылды (жеке тұлғаларға 10 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін).

Кездесу барысында қала құрылысы кезіндегі жел режимін есепке алу, су шаруашылығы және экологиялық туризмді дамыту мәселелері де қозғалды.

Тұрғындармен кездесу мүмкіндігін пайдалана отырып, іс-шараға қатысушыларға: «Құрметті достар, сіздер тұратын қала керемет табиғатымен әлемге танымал. Алайда, осы табиғатты бұзатын кейбір туристердің көзқарасы бізді қынжылтады. Біз қоқысты жоюға тырысамыз, түрлі экоакциялар жүргіземіз, бірақ біздің күшіміз жетпейді. Мен бірегей табиғи байлықтарымызға ұқыпты қарауға, тауда қоқыс қалдырмауға, дұрыс емес жерлерде от жақпауға шақырамын. Болашақ ұрпақ үшін табиғат сұлулығын құрметтеу және сақтау қажет. Бұл менің экология министрі ретіндегі жеке өтінішім Сіздерге», - деп үндеу айттым.

Есептен кейін алматылықтармен жанды диалогы жалғасып, әрбір тұрғын «еркін микрофон» арқылы өзін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Кездесу қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг ұйымдастырылды.

  • 28.10.2022
  • 295
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

Нысанбаев Е.Н.
(Мұрағат)

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика