• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазығұрт ауданы тұрғындарымен кездестім

 

Тұрғындармен кезекті кездесу Қазығұрт ауданында жалғасты. Ауасы таза, табиғаты көркем аймақта ауыл шаруашылығы, туризм, кәсіпкерлік салаларын дамытуға мүмкіндік мол. Тұрғындармен арнайы жүздесіп, еркін пікір алмасуға, өтініштер мен ұсыныстарды тыңдауға бардым. Жалпы ауданды дамыту бағытында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында биыл 7 елді мекенде 14 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, Шанақ, Жігерген елді мекендерінде жаңадан 200 орындық мәдениет үйлерін салуға, Қақпақ, Ынталы елді мекендерінде 2 дәрігерлік амбулатория салуға қаржы қаралды. Жігерген, Қаржан елді мекендерінде 21 шақырымды құрайтын 13 көшеге асфальт төселеді. Жаңабазар елді мекенінде жаңадан спорт алаңшасын салуға, Шанақ, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамтуға тиісті қаражат бағытталды. «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында ауданда үш мектеп салынбақ. Ал биыл Рабат және Сырлысай елді мекендерінде 200 орындық мектептерді пайдалануға беріледі.

Кездесуден кейін тұрғындарды жеке қабылдадым. Кездесуде және жеке қабылдауда көтерілген мәселелердің заң аясында шешілуі менің жіті бақылауымда болады. Қуанғаным, тұрғындар жеке бастың емес, қоғамға ортақ мәселелерді көтерді. Бұл – қоғамдық жауапкершіліктің арқанының белгісі.

Қазығұрт ауданына жұмыс сапары барысында Қақпақ ауыл округінде орналасқан «Қарқын – 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шұжық шығару цехына барып, жұмысымен таныстым. Кәсіпорынның ірі қара малды бордақылау алаңының қуаттылығы 800 бас болса, бордақылаудағы мал саны – 400 бас. Ет өңдеу цехы тәулігіне 5 тонна шұжық өнімдерінің 60 түрін шығарады. Кәсіпорында жалпы 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпкерлікті қолдауға баса назар аударамыз. Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп қана қоймай, оны терең өңдеу жағына мән беруіміз керек. Оған өңірдің әлеуеті жетеді. Әрбір идея – жаңа жұмыс орындары. Отандық кәсіпкерлерді өңірімізге инвестиция салуға шақырамыз. Инфрақұрылым жасақтау жөнінен толық қолдау болады. Менің ел азаматы ретіндегі басты ұстанымдарымның бірі де – жұмыс орындарын ашу. Ел кәсіпті болса, өңір экономикасы дамитыны анық.

 

 

 

  • 01.11.2022
  • 252
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

Сатыбалды Д. А.
(Мұрағат)

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика