- Блогтар
- Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.
Түркістан облысының әкімі
Түркістанда 2 мыңнан астам адам жүгіруден марафонға қатысты
Түркістан қаласында «Turkistan Marathon 2022» марафоны өтті. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау барысында өткізілген жарысқа еліміздің өзге облыстарынан және алыс-жақын шетелден 2 мыңнан астам үміткер келіп, бақтарын сынады. Бұл – Түркістанда спортқа қызығушылық жоғары екенінің көрінісі. Бүгінгі марафон өңірімізде бұқаралық спорттың дамуына өзіндік үлесін қосады деп ойлаймын.
Түркістан қаласында бірқатар спорт нысандары ашылып, қазіргі таңда спорт орталықтарында үлкен әрі маңызды жарыстар өтуде. Біз әрқашан спорт саласын қолдауға дайынбыз.
- 01.11.2022
- 209