- Блогтар
- Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі
Астана қаласының тұрғындарымен кездесу өтті
Еліміздің бас қаласының экологиясын жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру, су ресурстарының жай-күйі, қалдықтармен жұмыс істеу, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою және орман шаруашылығын дамыту туралы елорда тұрғындарымен кездесу барысында баяндадым. Жоғарыда айтылғандай, Елорда еліміздің ең ластанған қалаларының қатарына кіреді. Ластанудың негізгі көздері ЖЭО, автономды қазандықтар, жеке сектор пештері және автомобиль көлігі болып табылады.Жалпы экологиялық жағдайды жақсарту үшін өңірлер бөлінісінде ұлттық жоба және жол карталары шеңберінде жүйелі жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, ластаушы заттар шығарындыларын азайту жөніндегі табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру барысында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл шығарындыларды 15%-ға қысқартуға мүмкіндік туды. ЖЭО-1 және ЖЭО-2-ге газ құбырларын салу бойынша жұмыстар аяқталды, сондай-ақ осы объектілердегі 16 су жылыту қазандығы газға ауыстырылды. Елорданың жеке секторын газдандыру жалғасуда. Табиғи газға 13 дербес қазандық қосылған. 2-ші және 3-ші кезектерді газдандыруды аяқтау 2025 жылға дейін жоспарланып отыр.Қалалық көліктің шығарындыларын азайтудың тағы бір жағымды мысалын келтіруге болады. Елорда әкімдігі биыл 100 бірлік электр автобустарын сатып алып пайдалануға берді, қаланың коммуналдық кәсіпорындарының автокөлік құралдарының 75%-ы газ отынына ауыстырылды, қалалық такси паркін ГБҚ-ға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді.Сондай-ақ, Астана қаласының жел режимін зерттеу аяқталды. Қаланың құрылысын, жер бедерін, жасыл желектерді ескере отырып, жел картасы жасалды, зерттеу нәтижелері Жаңа Бас жоспардың жобалық шешімдерінде ескерілетін болады.Қалдықтарды басқару мәселелері, рұқсат етілмеген полигондардар мәселесі де алаңдатады. Биылғы жылы космомониторингтің көмегімен 551 полигон анықталып, оның 46%-ы ғана жойылды.Полигондардың ұлғаюының себебі жаңа Экокодекстің талаптарына байланысты, оған сәйкес қоқыс шығаратын ұйымдардың тізілімі жүргізіледі және құрылыс қоқыстарын қала шегінен шығаруға тыйым салынады. Полигондарды жою үшін кесте жасалды. Алайда полигондар жойылған жоқ. Елордалық экология департаментіне осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырдым.Естеріңізге сала кетейік, қалдықтармен жұмыс істеу талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар жеке тұлғаларға 50 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.Мәселелерді шешу үшін әкімдікке қалдықтардың түзілуін барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар өткізу, шағын және орта бизнес субъектілерін коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі ахуал туралы халықты хабардар ете отырып, коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу саласына белсенді тарту және тиісті бағдарлама әзірлеу ұсынылды.Қаланың су ресурстарының жай-күйі мәселелеріне қатысты Есіл өзеніне және оның салаларына ағынды суларды ағызу туралы шағымдар үнемі келіп түсетіні атап өтілді. Мұның себебі ретінде жеке сектор мен кәсіпорындардың пайдаланылған суларының тиісті тазартусыз жаңа инженерлік желілерге заңсыз төгілуін, сондай-ақ нөсер кәріз жүйесінің жұмысындағы проблемаларды атауға болады.Осыны ескере отырып, су ресурстарының ластануын болдырмау мақсатында әкімдікке барлық абоненттерді орталықтандырылған кәрізге қосу бойынша жұмысты ұйымдастыру, нөсер ағындарының коллекторына рұқсатсыз ағызуды болдырмау бойынша бақылауды қамтамасыз ету, заңсыз ағызу көздерін анықтау үшін қаланың жерасты су құбыры желілеріне тексеру жүргізу және инженерлік су құбыры желілерін жөндеу мен оларды «Астана су арнасы» МКК тазарту станцияларына қосуды қамтамасыз ету ұсынылды.Өз кезегінде әкімдік пен министрлік су айдындарын тазарту, су айдындарының жағалау аумағын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізуде.Орман шаруашылығын дамыту мәселелеріне тоқтала келе, елорда әкімдігі 2021-2025 жылдарға арналған қаланың жасыл аймақтарын көгалдандыру мен құрудың өңірлік жоспарын әзірлегенін атап өтті. Өткен жылы елордада 1 млн. 65 мың ағаш отырғызылса, биыл 259 мың дана жасыл желек егілді. Сонымен қатар, Астана қаласының айналасында жасыл белдеу құру жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда оның ауданы 90,0 мың гектардан асады. алдағы екі жылда 5,8 мың гектар алқапқа орман дақылдарын отырғызу жоспарлануда. Іс-шара барысында сұрақ-жауап форматында елорда тұрғындарының сұрақтарына жауап берді, ал аяқталғаннан кейін азаматтарды жеке қабылдады, БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізілді.
- 04.11.2022
- 318