• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Т. Дүйсенова Ақмола облысының активімен кездесу өткізді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ақмола облысына жұмыс сапары барысында өңір активімен кездесу өткізді. Еңбекминінің басшысы Отбасының цифрлық картасын енгізу туралы айтып, халықты жұмыспен қамту, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін талқылады.

Іс-шараға өңір басшысы Ермек Маржықпаев, облыстық мәслихат өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, облыс аудандарының әкімдері қатысты.  

Тамара Дүйсенова өз сөзінде биылғы жылдың 10 айында Ақмола облысында 18 521 адам жұмысқа орналастырылғанын, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы бос орындарға – 10 053 адам, ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде – 5 026 адам, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен – 3 442 адам қамтылғанын атап өтті.

«Жұмыс орындарымен қамту мониторингін жүргізу тәртібіне сәйкес азаматтардың жұмысқа орналасуы міндетті зейнетақы аударымдарымен расталатынына назар аударғым келеді. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 76% құрайды. Бұл ретте Қосшы қаласы мен Егіндікөл ауданында ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде жұмысқа орналастырылған азаматтар бойынша зейнетақы аударымдары бар адамдардың үлесі тиісінше 5% және 15% құрайды», – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Ол сондай-ақ Көкшетау қаласында, Астрахан, Есіл және Қорғалжын аудандарында азаматтарды субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру есебінен оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз еткеннен кейін тұрақты жұмысқа орналастыру көрсеткіші республикалық көрсеткіштен едәуір төмен екенін айтты.

 «Біздің міндетіміз – жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасуға барынша қолдау көрсету екенін ұмытпаған жөн. Осы бағыттағы жұмысты жандандыруды сұраймын», – деді Еңбек министрі.

Министр кездесуге қатысушыларды Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

«Бүгінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде Цифрлық картада 6,3 млн отбасы және олардың 19,5 млн мүшесі туралы ақпарат жинақталған. Бұл ретте біз өздеріне тиісті көмек алмайтын отбасыларды анықтадық. Мұндай отбасылар 1 қыркүйектен бастап өздеріне тиісті мемлекеттік кепілдіктер көрсетілген SMS-хабарлама алады. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары оларға проактивті форматта тағайындалады. Ақмола облысында 221 адамға төлем тағайындалды», – деді Тамара Дүйсенова.

Мемлекеттiк қызметтiң уақтылы көрсетiлмегенiнiң мысалы ретiнде ол Ақмола облысындағы отбасы бала күтiмi үшiн әлеуметтiк төлем алатын, бiрақ бала тууына байланысты бiржолғы жәрдемақы алуға өтiнiш бермеген жағдайды атады.

Министрлік басшысы қазіргі уақытта Отбасының цифрлық картасы аясында жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша проактивті форматта қызмет көрсететінін айтып өтті. 2023 жылдан бастап әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтер тізбесі кеңейтілетін болады. 2025 жылға қарай Цифрлық картамен әлеуметтік салада, денсаулық сақтау және білім беру салаларында мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылады.

Кездесу барысында Тамара Дүйсенова жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдерімен жұмыс берушілердің еңбек заңнамасының нормаларын сақтауы, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру, балалары бар отбасылар мен мүгедектігі бар адамдарды қолдау, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін талқылады.

  • 09.11.2022
  • 270
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика