• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мерзімі өткен берешекті реттеудің бірыңғай тәртібі: қарыз алушылар нені білуі керек

2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін міндетті тәртіп заң жүзінде қолданылады, оның шеңберінде кредитті өтеуде қиындыққа тап болған қарыз алушы өзінің мерзімі өткен берешегін реттеу үшін кредиторға өтінішпен жүгінуге құқылы.

Агенттік азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу тетігі енгізілген сәттен бастап бір жыл ішінде банктердің және МҚҰ-ның осы тәртіпті қолдануына тұрақты негізде мониторинг пен талдау жүргізіп келеді. Кредиттік ұйымдар ішкі нормативтік құжаттарға қарыз алушының өтінішін кезең-кезеңімен қарау процесін қоса алғанда, қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекті реттеудің бірыңғай тәртібін қолдануды регламенттейтін өзгерістер енгізді. Банктер мен МҚҰ өз клиенттері үшін ақпаратты ресми интернет-ресурстарында, әлеуметтік желілерде және, бар болса, мобильді қосымшаларында орналастыруда, сондай-ақ азаматтарға call-орталықтары арқылы кеңес беруде.

Агенттіктің мәліметінше, 2022 жылдың басынан бері банктерге және МҚҰ-ға жасалған кредиттік шарттардың талаптарын өзгерту үшін 273,8 мыңнан астам қарыз алушы жүгінген. Оның ішінде азаматтардың шамамен 70%-ына (199,2 мыңнан астам қарыз алушы) қатысты қарыздар мен микрокредиттерді қайта құрылымдау бойынша жұмыс жүргізілді.

Заңнамалық талаптарға сәйкес кредитор қарыз алушыны төлемнің кешігуі басталған сәттен бастап 20 күн ішінде туындаған кешіктіру туралы хабардар етуге міндетті. Хабарламада кредиттік ұйымдар азаматтарды:

  • туындаған кешіктірудің нақты мөлшерін көрсете отырып, төлемдерді енгізу қажеттілігі;
  • қарыз алушы-жеке тұлғаның кредиторға жүгіну құқығы;
  • кредиттер мен микрокредиттер бойынша өз міндеттемелерін орындамаудың салдары туралы хабардар етеді.

Сондықтан, егер қарыз алушы кредит бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаса, онда ол, бірінші кезекте,  қызмет көрсеткен банкке немесе МҚҰ-ға өтінішпен жүгінуі қажет. Қандай жағдай болмасын кредитордан қашып, жасырынып жүруге болмайды! Қарыз алушы ғана емес, сонымен қатар кредиттік ұйым да орын алған жағдайдан дұрыс шығуға мүдделі. Сондықтан реттеу шаралары қаншалықты ерте қабылданса, берешекті өтеудің өзара қолайлы нұсқасы соншалықты ертерек болады.

Қарыз алушы мерзімін өткізіп алған күннен бастап 30 күн ішінде кредиттік ұйымға өтінішпен жүгінуі қажет. Өтініште:

  • міндеттемелеріңізді орындамау себептері көрсетілуге тиіс. Қолыңызда қаржылық қиындықтардың туындағанын растайтын құжаттардың болуы маңызды;
  • кредитті одан әрі өтеу бойынша өз нұсқаларыңыз көрсетілуге тиіс.

Заңнамаға сәйкес қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу:

  • қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына өзгертуді;
  • шетел валютасында берілген қарыз бойынша негізгі борыштың қалдық сомасының валютасын ұлттық валютаға ауыстыруды;
  • негізгі борыш  және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды;
  • берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басымдық тәртіппен өтей отырып өзгертуді;
  • қарыз мерзімін өзгертуді;
  • мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіруді, айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың), банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялардың және өзге де төлемдердің күшін жоюды;
  • ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті кепіл берушінің дербес сатуын;
  • банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) кепіл мүлкін беру арқылы қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемін ұсынуын көздейді;

Күнтізбелік 15 күн ішінде кредитор:

  • шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістерді қабылдай    отырып келісетіні;
  • шарттың талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын беретіні;
  • бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, бас тартатыны туралы жауапты ұсынуға тиіс.

Егер қарыз алушы қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша кредитормен келісімге қол жеткізе алмаса не кредитор мерзімі өткен берешекті реттеу рәсімдерін жүргізбесе және уәжді негіздемелер ұсынбаған болса, қарыз алушы кредитордың шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы. Бірақ өз өтінішіне кредиттік ұйымға жүгінгені және онымен өзара қолайлы шешімге қол жеткізе алмағаны туралы дәлелдемені міндетті түрде қоса тіркеуі қажет.

Қарыз алушының өтініші негізінде Агенттік банкке немесе МҚҰ-ға қатысты құжаттамалық тексеруге бастама жасайды.

  • 10.11.2022
  • 228
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика