- Блогтар
- Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дүйсенова Абай облысына жұмыс сапарымен келді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Абай облысына келді. Семей қаласында Еңбекминінің басшысы көпбалалы аналармен, мүгедектігі бар адамдармен, зейнеткерлермен, ҮЕҰ өкілдерімен, әлеуметтік қызметкерлермен және жастармен кездесулер өткізеді.
Сонымен қатар Тамара Дүйсенова өңір активімен кездесіп, баспасөз брифингінде журналистердің сұрақтарына жауап береді.
Жұмыс сапары барысында министр Абай облысының тұрғындарына ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында көзделген әлеуметтік-еңбек саласын жетілдірудің жаңа тәсілдері туралы айтып береді.
- 10.11.2022
- 270