- Блогтар
- Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дүйсенова Абай облысында мүгедектігі бар адамдардың сұрақтарына жауап берді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Абай облысына жұмыс сапары барысында Семей қаласында көпбалалы аналармен, мүгедектігі бар адамдармен, зейнеткерлермен және ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізіп, оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.
Атап айтқанда, қоғам өкілдері мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарды мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерді және оларды жеткізушілерді өз бетінше таңдай алатын Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасы алаңдатты.
«Егер көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасына қанағаттанбасаңыз, онда сіз Порталда шағым қалдыра аласыз. Егер жеткізуші жіберілген қателіктерді түзетпесе, онда ол Порталдан шығарылатын болады», – деді Тамара Дүйсенова.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар мүгедектігі бар адамдарды оңалту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, радиациялық қауіп-қатер аумақтарында тұратын адамдарды әлеуметтік қолдау және т.б. мәселелерді көтерді.
Тамара Дүйсенова барлық қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.
- 10.11.2022
- 258